Тіл - тас жарады...

Кредитті қарапайым халық зина жасағысы келіп алып жатыр деп ойлайсыңдар ма?

  • Кредитті қарапайым халық зина жасағысы келіп алып жатыр деп ойлайсыңдар ма?

    Кредитті қарапайым халық зина жасағысы келіп алып жатыр деп ойлайсыңдар ма?

Несиені қазақ жетіскеннен ала ма?


"Несие алған адам анасымен 7 рет ойнас жасағанмен тең" депті, бір "ғұлама". Әй бояушы бояушы дегенге елдің бәрін үркіте бермесеңдерші а? Айналаға көздеріңді ашып қарап, пәтуа шығарсаңдар жөн болар еді. Әйтпесе, білімге кредиті немесе кредитке білім, баспана алғың келсе - иппотекалық кредит, кәсіп ашқың келсе - кредит, қыл аяғы мал баққың келсе де кредит. Кредитті қарапайым халық зина жасағысы келіп алып жатыр деп ойлайсыңдар ма? Қазақ қайбір жетіскеннен қарызға кіріп жүр дейсің? Бүгінгі қайыршы тірлігінің бетін бүркемелеу үшін, өзін әйтеуір бір кәсіппен алдап, нан табу үшін, бала-шағаны жерге қаратпауы үшін, екі бетін шарық қылып қарыз алып, оны қарызбен жауып жүр. Сөйтіп, өзі зорға жүрген бейшараны енді кеп, "несие алғаның анаңның қойнына қол салғаның" дегені қай сасқаны?! Несиені өсімімен беріп отырғандар туралы әңгіме басқа, алған адам қыжалат болғасын алады да?! Шешесіне қол жүгірту үшін алады дейсің бе? Жалпы, осыны айтып отырғандағы мақсат не? Не пиғыл?

Тағы бір дүмшелер келіп, мына дүниеде азып-тозып, бірді бірге жалғап зорға күн кешіп жүрген жұртты ана дүниедегі тозақпен, қыл көпірмен т.б. қорқытып, үркітіп, намаз оқымасаң анаусың, ораза тұтпасаң мынаусың, сақал өсір, мұртыңды қыр, өйт бүйт дейді. Әй уағызшылар, осы әкелеріміз, әжелеріміз сендер құсап ұрсып зекімей ақ, ойбайлап-байбайламай ақ, тозағымен үркітіп, шайтанымен шошытпай ақ бәрімізді тәрбиелеп өсіріп еді ғой. Не болды, сендерге? Ораза мен намаздың, обал мен сауаптың не екенін қазақ жақсы біледі. Оны неге үркітіп уағыздауымыз керек. Жалпы Ислам діні мына дүниеде керек пе, әлде ана дүниелік дін бе? Маған осыны түсіндіріңдерші. Неге біз Исламды тек ана дүниеге дайындық үшін ғана керек қылауымыз керек?

Сендердің әсіредіншілдіктеріңнен өзіміздің қазақы діндарлығымыз мың есе артық. Несие аламын!!! Отбасымды көшеде қаңғытып қоймау үшін - баспана алуға, көрінгенге қол жайып көше жағалап кетпеу үшін - кәсіп ашуға, балам дұрыс білім алып, сауатты болып өсуі үшін - білім алуға және басқа да қажеттіліктер үшін, және осы несиені адал тапқан ақшамнан қайтарып беремін. Ал ана дүниеге барғанда ешкім ешкім үшін жауап бермейді. Мен үшін немесе басқа қазақ үшін жандарың ауырып, кеңірдектеріңді созып, күре тамырларың білеуленіп "уағыз" айпай ақ қойыңдаршы.

Жұртты жақсылыққа, мейірімділікке, адалдыққа шақырғандарыңның түрі осы ма? Осы әңгімелеріңмен елді Исламға ұйытамыз деп ойлайсыңдар ма?


Даулетхан Жиенкулов

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 2585    Пікірлер: 3
Пікірлерді оқу (3) preloader

сәрсенбі, 23.08.2017, 10:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:54
    Бізде бәрі проект...
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ
    9 Мамыр, 12:09
    Серік Жанболат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30