Тіл - тас жарады...

Мә, иіске сідіктен түскен ақшаны! Иіс бар ма?

  • Мә, иіске сідіктен түскен ақшаны! Иіс бар ма?

    Мә, иіске сідіктен түскен ақшаны! Иіс бар ма?

"Ақшадан иіс шықпайды"


Римнің "бүргенің аяғын көрген" императоры Веспасиан қазынаға қосымша ақша түсіру үшін қоғамдық әжетханаларға салық салған (Кейін халық оны "Сідіксалық" атап кетті).

Осы "инновация" үшін елден ұялған ұлы Тит әкесін жазғырған деседі.

Қаны басына шапқан император ұлының мұрнына әжетханадан түскен ақшаны тақап

- Мә, иіске сідіктен түскен ақшаны! Иіс бар ма? - дегенде, ұлы амалсыз басын шайқаған көрінеді.

Өкінішке қарай, кейінгілер "Ақшадан иіс шықпайды" деген осы бір қанатты сөзді арамдықпен табылған ақшасын ақтау үшін пайдаланатын болды.

Өзінің қол астындағы жұмысшыларға жарытып жалақы төлемейтін кәсіпкерлердің, өмір бойы мемлекеттік қызмет немесе құқық қорғау органдарында қызметте жүрген кейбір азаматтардың мешіттер салып қана қоймай, зәулім-зәулім тойханаларда өздері секілді азаматтарға астатөк ауызашарлар беріп жатқанын көрген соң мазалап жүрген ой еді.


Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2816    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.06.2017, 10:41

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
16 Желтоқсан 2017
Халықты ақымақ санайды

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31