Тіл - тас жарады...

«Одноразовый» достық азаматқа абырой әкеле ме?

  • «Одноразовый» достық азаматқа абырой әкеле ме?

    «Одноразовый» достық азаматқа абырой әкеле ме?

Экологияға қатерлі пакеттер жайлы оқимын да қайран қаламын. Кәдімгі дүкенге барғанда нан, картоп, сәбіз салатын «одноразовый» пакеттер. Үлбіреген бұл итің жүз жыл шірімей, жатқан тұсына шөп өсірмей, жер байғұсты тұншықтырып тастайды екен. Мал, аң жесе арам қатады. Сұмдық, ә?

Негізі адамның қарым-қатынасы да осы пакеттер секілді «одноразовый» боп кетті ғой... Бір реттік жиындарда көпіріп сөйлейміз, нәтиже жоқ, бір адамға көрсетуге бір күндік зауыттар ашамыз, жабылып қалады, жарнамасына жер жарғызып бір сәттік бағдарлама қабылдаймыз, құрдымға кетеді, одноразовый оқулықтар шығарамыз, ұрпақ уланады, бір көрерлік сериалдарға телміріп жылап, ертеңінде ұмытып кетеміз... Бұларды да, оларға кеткен ақшаны да. Тарих толқынының шуларын, ұлттық ұстанымның шыңдарын «одноразовый» продюсерлердің шоулары басып қалды. Менің бір досым бар, өзіне көмек керек болған кезде ғана хабарласады, қоңырау шалып, мұрсаты болмай жүргенін айтып, бір әлде бір жарым жыл хабарласпағанын ақтап алады, содан барып арқадан қағады, содан барып қолқа салады. Азық аларда пакет іздеген адам секілді. Одан да, өзімнен де жиреніп тұрсам да сөзді көбейтпей көмектесе саламын. Бірақ, ол менің не қуаныш, не қайғымды бөліскен емес, қол ұшын созған емес, тек өз баспайдасы. Осындай «одноразовый» достық азаматқа абырой әкеле ме? «Одноразовыйлық» саясат адамзатқа абырой әкеле ме?

Ақылы бар елдер пакетке тиым салып жатыр, күрес басталды. Олар көшесін тазалап жатыр, бізге ең әуелі көкейді тазалау керек-ау...


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1046    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.09.2018, 09:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31