Тіл - тас жарады...

Оғыздың бұтын сипап, ішкиміне үңіліп өсек таратты

  • Оғыздың бұтын сипап, ішкиміне үңіліп өсек таратты

    Оғыздың бұтын сипап, ішкиміне үңіліп өсек таратты

Сократ баяғыда соқырларды жинап алып "піл көріп келіңдер, келгесін менімен сол піл туралы көргендеріңмен бөлісіңдер" депті. Соқырлар пілден қайтып оралып Сократқа көргендерін даурығыса жеткізіпті. Біреуі айтыпты: "апырай ұстаз, сізге өтірік, маған шын, мына піл деген айдаһар жыландай жуан болады екен" депті. Сөйтсе бұл зағип пілдің мұрынын сипапты.

Екіншісі; "қой, пілің кәдімгі бөрене сияқты аң екен" деп бой бермепті. Сөйтсе, бұл пілдің аяғын сипаған екен.

Үшіншісі, "атаңның басы, піл деген бұқаның сыңарындай соған ұқсас жануар екен" деп бетбақтырмай, ол бейбақ пілдің мүйізін сипағанын білдірсе керек.

Мына біздегі Оғыз Доғанның Казком оқиғасынан кейін бұл Оғызымыз да кәдімгі пілге айналды, Пілге. Біздің "соқыр - мәңгүрттер" бұдан қазақ тілінің күшеюін, одан өздерінің болашақтарына қауіп төнетінін аңғарды.

Біздің саясатта жүрген наразы топ бұдан, бұл елде бала кәкетіп қойса да "бұны елдің назарын басқаға аударып, жұртты алаңдатып отырған биліктің ісі" деген, және әбден жауыр болған пікірді тықпалап әлек. Осы қылышын қынабына салып, салы мойнына кетіп тура Ақорда түбінен қайтқандай қынжыла сөйлейтін, тап осы "соқырлар тобының" біздегі жұртты алаңғасар көретіні де анық.

Үшіншілері, "соқыр - өсекшілері", өз деңгейлеріне сәйкес Оғыздың бұтын сипап, ішкиміне үңіліп өсек таратты, содан аспады.

Төртіншілері, арандатушы деді. Бесіншісі, "оны неге түрік істеу керек" деп намыстанғандай болды.

Қысқасы, Оғыздың бұл қадамы - меніңше әркімнің өз деңгейін, ой - пікірін көрсетті. Бәрі орнында екен.

P. S. 1978 жылы, Грузияда алаңға, тіл майданына 100 мыңнан аса грузин шығып, жер тепкілегенде империя орталығы - Мәскеу қатты сасып, тіл туралы заңын отмен қылған екен, естеріңізде жүрсін.


Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4403    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.05.2018, 11:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30