Тіл - тас жарады...

Өмірге өкпелі жас жігітке қайдағы бір "Иттің құлы итақай" зекісе не болады?

  • Өмірге өкпелі жас жігітке қайдағы бір

    Өмірге өкпелі жас жігітке қайдағы бір "Иттің құлы итақай" зекісе не болады?

Шымкент көшелерінде қоғамдық тәртіпті сақтайтын әлдебір ерікті жастар жүр екен деген әңгіме шығып жатыр..

Қала жастарының да, ауыл жастарының да мінез-құлықтарын бір кісідей білетін адам ретінде айтарым..


КСРО тұсында халық жасақшылары құрамында қаланы талай аралағанбыз.

КСРО халқы одан мәдениетті болып кеткен жоқ..

Интернеттегі фотолардан байқағаным, мынау еріктілер жастармен жұмыс жүргізуге дайындықтан өтпек түгілі, мемлекеттік тілді білетін жастарға ұқсамайды. Қоғамдық тәртіпті тек білек күшімен орната алмайсың..

Кезінде колхоз-совхоз ыдырағанда пайға алған жерінен біреу аңқаулықтан, біреу жалқаулықтан айырылып қалғанын білесіздер. Қазір сол азаматтардың балалары өсті. Олардың көпшілігі ауылдан да, қаладан да орын таппай жүр...

"Аш бала тоқ баламен ойнамайды"..

Төбелестің бәрі "боқ жемеден" басталатынын білесіздер..

Енді сол ауылдан келіп базарда арба итеріп немесе құлбазар жағалап жүрген өмірге өкпелі жас жігітті қайдағы бір "Иттің құлы итақай" зекісе не болады?

Әркім өз шаруасымен айналыссын...

Ертең опық жеп қалмас үшін мынау "еріктілерді" тоқтатқан жөн.


Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1174    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.08.2018, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31