Тіл - тас жарады...

Орыстанған қандастарымыз нан тауып отырған тілінен айырылып қалғасы келмейді

  • Орыстанған қандастарымыз нан тауып отырған тілінен айырылып қалғасы келмейді

    Орыстанған қандастарымыз нан тауып отырған тілінен айырылып қалғасы келмейді

Осыдан тура он жыл бұрын былай деп жазып қойыппын: "«Ақ Жайық» романының авторы, көрнекті жазушымыз Хамза Есенжановтың бүгінгі күңдері күңделіктері, әртүрлі жазбалары зерттелуде. Жақында жазушының жазбаларының арасынан Хамза Есенжановтың өз қолымен жазған «Қорықсаң да орыстанған қазақтан қорық!» деген пікірі табылды.

Қалай дәл тауып, біліп әрі дөп басып айтқан десеңізші! Шынында да, бізге орыстан қорқудың керегі жоқ. Қорықсақ та орыстанған қазақтан қорқайық. Бұлар қазақты не түтіп тынады, не жұтып тынады» деп жазыпты «Жас Алаш» газеті өзінің 2008 жылғы 11 қараша күнгі санында.

... Шындықты әрі нақты айтқан. Бұған қосатының бар ма? Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері бәрін біледі, бәрін түсінеді: саясаттың, әсіресе тіл саясатының мұрты қайда қисайып бара жатқанын. Құптайды да. Өйткені олардың кез келгенінің тарихи отандарында тура осындай жағдай орын алуы мүмкін. Бәрінен қауіптісі өз қандастарымыз. Орыстанған қандастарымыз. Нан тауып отырған тілінен айырылып қалғасы келмейді. Оларға ділің де, дінің де, тіпті ұлттық рухың да түк емес.

Газеттің тура осы нөмірінде орыстың дарынды кинорежиссері Станислав Говорухиннің «Комсомольская правдаға» берген сұхбатынан үзінді келтіріпті. Онда режиссер былай деді:

- Жерді қорғау, елді қорғау секілді тілді қорғау да – ұлттық қауіпсіздіктің басты мәселесі. Қазіргі күні орыс тіліне англицизмдер («феня», «френд», «брифинг» және тағы тағылар) көптеп ене бастады. Біз тілімізді бөгде сөздерден сақтай алмай отырмыз. Демек біз ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіре бастадық.

С.Говорухиннің «Орыс тіліне бірді-екілі бөгде сөздің араласуының өзін «Біз ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірдік» деуінің өзін дабыл ретінде көтеріп отыр газет. Біз тілімізді кескілеп жатса да мыңқ етпейміз. «Тіл» деп шырылдайтындарды «атын шығару, депутат болу үшін бедел жинап жүр» деп кекетіп-мұқатамыз. Бәріне өзіміз кінәліміз, өзімізге өзіміз қастандық жасаймыз.

Кеңес Одағы кезінде Аралға Сібір өзенін қосу туралы жоғарғы жақтан шыққан сыбысқа қарсы орыстың мүйіздері қарағайдай-қарағайдай Распутин бастаған бір топ жазушысы шу ете қалғанда биліктің үні өшкен еді. Міне зиялы деген осылай болуы керек. Елі, жері үшін қызмет етуі керек. Ал біз белгілі бір анекдоттағыдай бір-бірімізге кедергі болудан көз жазбай келеміз.

Осы жаман мінезді, әдетті қоймай көсегеміздің көгеруі екіталай..."


Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.11.2018, 12:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30