Тіл - тас жарады...

Осы біз неге бірдеңені тым әсірелеп, сәнге айналдырып жібереміз?

  • Осы біз неге бірдеңені тым әсірелеп, сәнге айналдырып жібереміз?

    Осы біз неге бірдеңені тым әсірелеп, сәнге айналдырып жібереміз?

Жәрәйды, ертең-қойдың кезегі, тойыс, жұмыс. Жинақталайық.

Жағымды, жақсы тілектер... жасанды тілектермен (пересланное сообщение) алмасқан күн болды...

Жаппай ораза ұстап, сосын ішіп кететініміз сияқты... құрбан айт та мода болуға айналған тәрізді. Құрбан шалып алып...кичиться (қазақшасы қалай еді?) етіп тұрған бет-ауыздарды көбірек көрдім. "Бөлінсе болды" деген ойсымақпен құрбандықты жағдайлары жақсы ағайын-тума бөліп алғанын көрдім. Бес баласы бар көрші келіншек тағы да дүкеннен қарызға бір келі пряник, екі нан алып бара жатты...

Біздің бала кездегі құрбан айттағы көңіл күй, не десеңіздер де, сезілмеді. Және осы бір жағымсыз сезім жылдан жылға әсіреленіп, айқындалып барады. Ішінара болса да кездескен Жанат Қажығали (Qajiḡali Janat), Индира Кереева (Indira Kerey) жасағандары кеудені әдемі шымырлатып өткенімен... жаппай байқалған келеңсіздік бір түрлі әсер етті. "Үндемеспін" дегем, кешке қарай лентаны жауып кеткен қызыл қан, шек-қарын... әлгі бір жайсыз сезімді одан әрі қамшылап жіберді, кешіріңіздер!

Осы біз неге бірдеңені тым әсірелеп, сәнге айналдырып жібереміз осы? Атам қазақ әлмисақтан айқайламай, ойбайламай, жарнамаламай-ақ құрбандық шалуды өткізіп жүрген жоқ па?

Құрбан айтта адамды бір ерекше күй билейтін, Алланың бар екенін өзің де түсінбейтін ішіңдегі ма, жүрегіңдегі ма... бір түйсікпен ұғынатынсың. Ата-әжелер байыпты әңгіме айтатын. Қазір бір гала концерт па, үлкен бір шоуға айналдырып жібердік.

Мына кешкі суреттер енді еш ақылға сыймайды. Менің бір орыс жүргізушім "Шара апай, осы сіздер неге "Аллах бар!" дейсіздер де, бишара малды мауыздай салатындарыңыз не?" дегенде ұзын-сонар лекция оқығаным есіме түсіп кетті...

Ниеті түзу, адал достардан кешірім өтінем, айттарыңыз құтты, дұғаларыңыз қабыл болсын! Бірақ мен байқаған общая картина-осы.


Шара Турмаганбетова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1078    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.08.2018, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31