Өз халқына қару кезенбейтін сарбаздар мен сардарлар керек

Өз халқына қару кезенбейтін сарбаздар мен сардарлар керек

Әскер кімге керек

Аспанмен тірескен қақпа сала алсаң да,елдің аузына қақпақ бола алмайсың. Әскери телеарнаның ашылу ,ашылмауына еш қатысы жоқ өз ойым. Айтарым бар. Біреу нарын жоғалтады,біреу арын жоғалтады. Ал,Отанын жоғалтқан бәрін жоғалтады. Бұл Отанды НҰРОТАН мен еш шатастырмаңызда;. Бір елдің есі кірмей, бір ел есеңгіремей соғыс ешқашан бітпейді ,,деген тәмсіл бар. Америкада халық бар, бірақ ұлт жоқ. Ал, біз қанша жерден жетім болсақ та ұлт деген атамыз бар.Әркімнің өз үйінің есігі ол Отанының қақпасы. Демек, өз үйін өз Отанын қорғау әр ер азаматтың қарызы мен парызы.Біздің кезімізде әскерге кетер кезде бүкіл ауыл шығарып салатын,келер кезде сол ауыл тайлы -тұяғымен қарсы алатын.Армияға шығарып салар кезде ағаларымыз психологиялық тұрғыда дайындайтын.Барған кезде қалай қорғану керек қалай төбелесу керек.Қазақ екеніңді қалай дәлелдеу керек Жігіттігіңді қалай мойындату керек. Міне осының бәрін Армияға дейін ағаларымыз санамызға сіңіріп жіберетін.Ол кезде әскерге бармаған жігіттерге қыздар қарамайтын.Сол кездің қыздары ,, машинаң бар ма, үйің бар ма, ақшаң бар ма ,,деп сұрамайтын. Ер азаматтығыңа бас иетін.Ал қазір ше... Кімнің әскерге қашан барып қашан келгені белгісіз.Әскерге бардың ба бармадың ба бәрібір.,,Дедовшинаның,, нағыз ауа жайылған кезінде әскерде болдық.,, Баран, мамбет,, деп намысқа тигенде он алты республикадан жиналған ұлттың өкілдерімен қырық пышақ болып қырылысатынбыз.Орысшасы шамалы кавказдықтардың,прибалтикалықтардың, орта азиялықтардың алдында қазақ екенімізді дәлелдеп алдыңғы қатарға ендік. Тек қана ЧМО-лармен/ человек московской области/ білім жағынан төбелеспей пікір таластырып қазақтың көзі ашық екенін дәлелдедік.Арты екі ,алды үш жыл әскерде болған жігіттердің бәрі мұны дәлелдей алады. Өйткені ұлттық сана еліңді сүюден басталатынын жүрекке түйіп,көкейге құйып алғанбыз.Біздің буын сол кезде-ақ рухани жаңғырып алған.Әскерде Чехословакияда екі жыл болдым.Центральный Группа Воиск, СССР. Полкта жалғыз қазақ болдым. Эскадрильяның комсоргы қызметінатқардым. ЦГВ-ның құрама командасының сапында футбол ойнадым. Сол служактар 34 жыл өтседе әлі хабарласып тұрады.Өйткені олар қазақтарды сыйлайды, мойындайды,құрметтейді. Айтайын дегенім бұл емес. Әскери теларна ашылсын, ашылмай кетсін. Бізге бәрібір әскери патриотизм қажет.. Желтоқсандағыдай, Жаңаөзендегідей әскер емес. Қанша жерден ант қабылдаса да өз халқына қару кезенбейтін сарбаздар мен сардарлар керек. Таққа табынбайтын,халқын сатпайтын,өліп кетсе де арын сақтайтын армия керек. Өмір өтеді.дүние көшеді,байлық кетеді .Қалатыны ұлт пен жұрт. Кез келген ата ана өз ұлын артын берген мына ілкімділердің тірлігіне емес болашақтың көшіне келешектің кемел ісіне тәрбиелеу керек. Рухани жаңғырғыңыз келсе осыдан бастаңыз. Бейбіт өмірді жақсы көру үшін қан майданды бастан кешіру міндет емес. Бірақ көз жасыңда күннің сәулесі тұрғанына қуанба. Көз жасыңды сүрт, оян, ойлан. Әзірге осы...

Шоқан Сыздықұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста