Тіл - тас жарады...

Өзбек "бұл ауылға не әкелсем де сатып ала береді екен..." деп таңғалыпты

  • Өзбек

    Өзбек "бұл ауылға не әкелсем де сатып ала береді екен..." деп таңғалыпты

Көрші ауылдағы өзбек ағайын ерте көктемде кілең қазақ жайлаған ауылға қызанақтың ұрығын әкеп сататын көрінеді. Таласа-тармаса ұрықты сатып алған ағайынға бір-екі айдан соң сол қызанақтың көшетін әкеп сатса оны да жапа тармағай сатып алыпты туысқандарымыз. Жаз шыға өзбек ауылдан артынып-тартынып қызанақ артқан көлік жететін көрінеді. Жәшіктеп келген, көздің жауын алатын қызанақтарды тағы да қазақтар бас салып сатып алады екен.

Ал, алғашқы қар түскенде банкіге жабылған небір салат, тұздықтар жетеді екен көрші өзбек ауылдан. Оны да ауыл қазағы бас-көзге қарамай, қыстық азық қоры деп сатып алатын көрінеді. Содан әлгі өзбек ағайын "бұл ауылға не әкелсем де сатып ала береді екен..." деп таңғалатын көрінеді.

Әзіл болса да түбінде үлкен зіл жатыр, байқайсыз ба? Сонда біздің ағайындар не істейді? Ұрықтай алды, көшеттей алды... еккен помидоры қайда? Жәшіктеп әкелінген қызанақты тағы алып жатыр... банкаға жауып әкелсе оны да алып жатыр...

Біз демей-ақ, қояйын... "менің қолымнан не келеді?" деп өз-өзіңізге оқта-текте сұрақ қойып тұрыңыз...

ал енді, жалған намысыңызды жалаулатып түрлі сылтау айтуға рұқсат етемін))))))))))


Жәмила Мамырәлі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1642    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 31.05.2017, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:54
    Бізде бәрі проект...
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ
    9 Мамыр, 12:09
    Серік Жанболат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30