Тіл - тас жарады...

Өзге елдің ұлдары нағыз ұл да, біздің ұлдар байлықтың құлы ма?

  • Өзге елдің ұлдары нағыз ұл да, біздің ұлдар байлықтың құлы ма?

    Өзге елдің ұлдары нағыз ұл да, біздің ұлдар байлықтың құлы ма?

Әлемдік киноөнердің ірі тұлғасы, қытай халқының марқасқа ұлы Жекки Чанның азаматтық болмысы туралы көп айтылады. Оның қаншама жетімді асырап, назарға ділгір қаншама адамға қамқор болып жүргені туралы жазылып та, айтылып та жүр. Қатерлі ауырудың шырмауында жүрген адамдарға көрсетіп жүрген қаржылай көмегі бір бөлек. Бізде мұндай азаматтар жоқ па? Бар болса неге істеген жақсылықтары көрінбейді? Таяуда бір талантты әріптесімізден айырылып қалдық. Оның еміне қаржы керек болды. Аз емес, көп те емес. Жан-жаққа алақтап, жар салдық. Жылу жинадық. Үлес қосқандар қарапайым халық, Дархан Қыдырәлі, Әлихан Байменов, Кенжеболат Жолдыбай, Шархан Қазығүл секілді бірен-саран зиялы азаматтар болмаса, "мен бармын!" деп жарқ еткен бір "жұлдыз" болсашы. Сонда өзге елдің ұлдары нағыз ұл да, біздің ұлдар байлықтың құлы ма? Байлық мәңгілік пе? Әлде рух мәңгілік пе? Қазақтың спорттағы, өнердегі "жұлдыздары" осыны түсінетін кезге жетті емес пе? Әлгінде ғана бір азаматтың постынан Жекки туралы тағы бір жақсы бір бастаманы оқып қалып, ішім қыж-қыж қайнап отыр.


Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1145    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.08.2018, 13:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31