Тіл - тас жарады...

Өзіміздің адам өлтіруші екенімізді мойындағымыз келмейді ...

  • Өзіміздің адам өлтіруші екенімізді мойындағымыз келмейді ...

    Өзіміздің адам өлтіруші екенімізді мойындағымыз келмейді ...

Бізді Құдай жер бетіне періште кейпінде жіберіп еді, біз оған күнә жасауға қабілетті бейнемізбен ораламыз. Біздің кейбіріміз ғана кірлетіп алған жанымызға жанымыз ашып, тазарғымыз келіп, ар азабын тартамыз. Кейбіріміз өмірге құдды күнә жасау үшін келгендей өзімізді ешқашан өзгерткіміз келмейді. Көпшілігіміз өзгелердің пікіріне тәуелдіміз, егер біреу біз туралы теріс пікірде болса, жанымыз жараланып, өмірден түңіліп кетеміз. Шын мәнінде, біздің кім екенімізді, қандай адам екенімізді Құдайдан басқа ешкім білмейді. Біреудің тағдырын талқылап отырып, моральдық вампирдің рөлін ойнаймыз. Ол адамның жүйкесіне салмақ түсіріп, оны депрессияға түсіретінімізді, тіпті өзіне қолжұмсауға (Құдай сақтасын) итермелейтінімізді пайымдай да алмаймыз. Өз-өзіне қолжұмсап өлетін адамдардың көпшілігі жұрттың сөзінен қорқып, өз өміріне үкім оқиды. «Сұмдық қадамға барыпты, өзін-өзі өлтіріпті» дейміз сосын, «өзін-өзі өлтіру – үлкен күнә» дейміз данышпансып. Өзіміздің адам өлтіруші екенімізді, оның сондай қадамға баруына мәжбүр еткенімізді мойындағымыз келмейді. Демек, өзін-өзі өлтіргендердің күнәсі біздің де мойнымызда екенін, Құдайдың алдында біздің де жауап беретінімізді әсте ұмытуға болмайды.

Құдайдың өзі кешірім сұрасақ, күнәмізді кешіреді, ет пен сүйектен жаралған өзіміз секілді пенденің қателігін біз неге кешіре алмаймыз?

(Былтыр "Қарғыс" атты әңгіме жазып едім.Сол әңгімемдегі, яғни бірінші жақпен баяндалатын әңгімедегі менің сөзім).


Аягүл Мантай

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1009    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.01.2018, 13:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан 2017
    Халықты ақымақ санайды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30