Тіл - тас жарады...

Постскриптумды білетін қазақ білгісі келсе, ағылшыншаны өзі-ақ біліп алады

  • Постскриптумды білетін қазақ білгісі келсе, ағылшыншаны өзі-ақ біліп алады

    Постскриптумды білетін қазақ білгісі келсе, ағылшыншаны өзі-ақ біліп алады

Халықты шөлді жердің масасы сияқты шуылдата беру көбейіп барады. Бұл жақсы үрдіс емес. Тіл төңірегіндегі тақырып та тілін тартатын түрі жоқ. Тыныш отыра алмадық. Пікірімізді тыңдар құлақ болса!

Иә, Абай «Дүниенің кілті орыста» деп айтып кетті. Тамырынан ажырамай әлемдік өркениетке ілесу үшін осылай сілтеді. Халқының қамын ойлайтын білімді қазақ осылай айтса керек. Ал, енді қазір «Дүниенің кілті ағылшынға» ауысқанын мойындамасақ, білгеніміз қайсы?!

Бірақ, Білім және ғылым министрлігінің позициясын құптай алмаймын. «Шаш ал десең, бас алатын» принциптен арыла алмай-ақ қойдық. Әлі социалистік «подходтан» әрі аса алмай отырғанымыз жанға батпай қоймайды. Министрліктің қазіргі позициясы Сталиннің коллективтендіру саясатымен пара-пар саясат екенін байқау қиын емес. Барлық қазақты ағылшынша өлсең де сайрата алмайсың. Бұл барып тұрған прожекторизмнің классикалық үлгісі. Неге?

Негесі сол, қазір заман басқа, заң басқа. Қазір коллективизмнің дәуірі емес, индивидуализмнің дәуірі. Биліктің кез келген саясаты нарықтық экономиканың канондарына негізделуі керек. Жоспарлы экономиканың заңдарын ұмытатын кезіміз жеткен жоқ па? Осы заңдылықты ескермей, алашапқын бола берудің не жөні бар еді?

Мына заманда қай қазаққа ағылшын тілі ауадай қажет, олар биліксіз де меңгеріп жатыр. Қазақ халқының ұл-қыздары соншалықты ақымақ емес. Өмір мен заманға бейімделудің шартты рефлексі баяғыда-ақ қалыптасқан. «Болашақ» бағдарламасымен оқып келгендерді былай қойғанда елімізде жүріп-ақ қазіргі жастар ағылшын тілін меңгеруге маңыз бергенін көз көріп отыр. Индивидуальды түрде. Мәселеге осы тұрғыдан қарауды мақұлдау керек. Керек десеңіз, билік осыған ықпал жасауы қажет.

Ал, енді орта мектепте ағылшын тілін жаппай оқыту дегеніңіз абсурд. Ойбай-ау, біз әлем көшіне ілескен жұрт болғанымызбен, өзінің территориясы бар, бекітілген шекарасы бар, тілі бар, ділі бар, салт-дәстүрі мен бір басынан асып жатқан байлығы бар Қазақ деген ел емеспіз бе?! Осы елді көркейту үшін жаппай «инглиштендірудің» қажеті бар ма? Жоқ. Өйткені, біз ең алдымен қазақ екенімізді ұмытпай осы жерді ұлы мемлекетке айналдырумен айналысатын адамдарды дайындауымыз керек. Ол ең алдымен қазақ тілі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ал, мына жаппай «инглиштендіру» саясаты барлық қазақты АҚШ пен Батысқа гастербайтерлікке жіберу мақсатын қойып отырғандай әсер қалдырады. Бұдан басқа мақсат көріп тұрған жоқпын. Елдің ішінде ешкім қалмаса, мемлекетіміздің атын ұмытып қалмаймыз ба? Елдің ішінде еңбек ету үшін ағылшын тілін білмесек арам қатамыз деп, кім айтып жүр? Маразмның нақ өзі!

Ел болатын елдің шаруасы бұлай болмаса керек. Ел болатын ел елдігіне қам жейді. Ел болатын ел ең алдымен елдің ішін қалай ретке келтіремін деп қайғы жейді.

Сондықтан да қазақ тілін бейшара қылып көрсеткенді толық және түпкілікті қою керек. Немересін «Жапырағым менің» деп еркелететін аталар азайып кетті. «Пәленшені жер жұтып кетті ме, көзіме түспейтін болды ғой» деп астарлап сөйлейтін қазақ азайып бара жатыр. Екі мағынаны «четный-нечетный» деп бір сөзбен әрі-бірі қайталап айтатын орыс тілінен сорлы емеспіз. Құдайға шүкір, «жұп-тақ» деп тақылдап тұрған тілді жұтаң деп жүргендердің өздері бейшара!

Әлі күнге дейін оқы процесін «АБВГДЕЙКА» принципімен жүргізіп отырған БҒМ қазақ тілін оқытудың элементарлық мәселелерімен айналысқаны жөн дер едім. Кез келген ұлы іс кішкентай нәрседен басталатынын басымыздан шығармайықшы, ағайын! Осы бізде пән демей-ақ қойдым, дисциплина бар ма, «Дыбыстану» деген? Қазақ тілінің құдіретін білу үшін ең алдымен әріпті емес, дыбысты оқыту керек. Дыбысты дұрыстамай сауатты қазақ болу мүмкін емес. Бірінші сыныпқа барған балаға Әліппені оқытқанда ең алдымен дауысты дыбыстағы әріптерден бастап оқыту керек. Айта берсең әңгіме көп. Шаршап кеттім. Осымен тоқтайыншы.

P.S. Постскриптумды білетін қазақ білгісі келсе, ағылшыншаны өзі-ақ біліп алады. Dont panic! Туын сүйгенде ғана еңкейетін қазақты жаппай «инглиштендіру» тізерлете алмайтынын біліп тұрмын. Өйткені, кез келген саясат халықтың санасынан өткенде ғана жүзеге асатынын БҒМ ұмытпауы керек. Ұмытпағаның не, есінен шығармауы тиіс.


Шархан Қазығұл


Facebook-тегі парақшасынан


 




Көрілген: 996    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.03.2017, 10:01

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
16 Желтоқсан 2017
Халықты ақымақ санайды

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30