Тіл - тас жарады...

Ректорлар өзін патшадай сезініп ырбиып кетіп бара жатады

  • Ректорлар өзін патшадай сезініп ырбиып кетіп бара жатады

    Ректорлар өзін патшадай сезініп ырбиып кетіп бара жатады

Мешітке, ғибадат орындарына қалай барып, қайтып кірсең, Батыс өркениетті елдерінің университеттеріне дәл солай ғана енесің. Шын мәнінде, АҚШ және өзге дамыған елдердің бәрінде университет деген тұрмыстық және рухани тазалықтың киелі ордасы. Бәлкім, сол университеттердің негізі әу баста ғибатханалар негізінде пайда болғандықтан солай да шығар.

Мен АҚШ-тың алдыңғы қатарлы 9 университетінің табалдырығын аттап көрген адаммын. Олардың бәрі айнадай таза. Студенттер дәлізде төселген кілем, кілемшелердің үстінде малдас құрып отырып алып, әңгіме-дүкен құрады. Кейбірі бұрышта сөмкесін басына жастап, жатып кітап оқығанын да кездестіресің. Айналасы тап-таза. Бізде мұндай картинаны тек мешітте ғана көруге болады.

Университеттің іш-сырты ғана емес, онда дәріс беретін профессор-оқытушылар да рухани өте таза, еңбегіне адал. Жастармен қарым-қатынастары да кішіпейіл, білгірсіп көсемсіп жалған ақыл айтпайды. Біздегідей көкке қарап, бес қап болып, қабағын қарс түйген ешкімді онда кездестірмейсің. Ректорлары студенттермен дәлізде кездессе де емен-жарқын сөйлесе береді. Ал, біздің ректорлар жан-жағын күзетпен қоршап алып, көмекші-кеңесшілерін алды-артына сүмеңдетіп, өзін патшадай сезініп ырбиып кетіп бара жатады. Қабылдауына жолатпайтын қабаған иттей хатшылары болады. Олар әлдеріне қарамай өздерін сол университеттің қожайынымыз деп ойлайды. Атасының басы! Ол жерде, шын қожайын – студент! Осыны білмегендіктен қазір еліміздің ЖОО-да көп дүние асты-үстіне түсіп, былығып жатыр.

Қайсы бірін айтасың, кейбір профессор-оқытушысы өзінің біліктілік деңгейі студенттен де төмен бола тұра оларға зіркілдеумен, шаңқылдаумен 50 минутты зая кетірсе, сессия кезінде пара алуға ниеттенсе, университеттің іші де, сырты да кірлеп, баттасып жатса, жастар шетелге ағылмағанда не істейді.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 881    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.10.2018, 11:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30