Тіл - тас жарады...

Ресейде өндірілген өнімдердің сыртынан қате-қате жазылған қазақшаны көрем...

  • Ресейде өндірілген өнімдердің сыртынан қате-қате жазылған қазақшаны көрем...

    Ресейде өндірілген өнімдердің сыртынан қате-қате жазылған қазақшаны көрем...

Мәскеуде тұрып жатқалы байқағаным: мұнда дүкендер арасында бәсекелестік үлкен. (Элитаға арналған дүкенді айтпаймын) Екі жарым жыл бұрын рубль қатты құлдырап кеткен кезде дүкендердегі заттардың бағасына қатты қосылған жоқ. Ресей билігі бизнесмендермен келісім-шарт жасасып, дүкендердегі бағаны «ұстап тұрды». Әйтпесе, орыс кемпірлердің көшеге шығып, митинг ұйымдастыратынын білді.:) Путинді шовинист дейік, басқа дейік, ол өз халқымен диалог жасайтын адам. Телеарналарда Мәскеу әкімшілігінің адамдары, саясаткерлер дүкендердегі азық-түлік бағасы мен базардағы азық-түлік бағасы туралы, жалпы нарық туралы жиі пікір-талас өткізеді.

Елге барған сайын автоматты түрде азық-түліктің бағасын Мәскеудегі дүкендермен салыстырам. Шынымды айтсам, маған Мәскеуге қарағанда елде азық-түлік қымбат секілді көрінеді. Мысалы, алдыңғы күні «Магнит» дүкенінен картошканы 14 рубльден алдық, теңгеге шаққанда 80 теңге, бүгін 16 рубльге алдық, теңгеге шаққанда 85-90 теңге шамасында. 2 килограмм ұнды 33 рубльге алдық, яғни, 180 теңге шамасында. Мұнда қалтаңдағы ақшаңа қарай таңдау бар.

Мәскеуге алғаш келген кезде «Ресеймен Еуразиялық одақпыз ғой, дүкеннен бір өніміміз табылып қалар» деп іздеп жүретінмін. Қазір үміт үздім... Ешқандай Еуразиялық одақта болмаса да, кейбір дүкендерден анда-санда Өзбекстанда тігілген арзан киім мен қауын-қарбызын көріп қалам.

Мәскеуде танысып қалған қырғыздардың «Қырғызстан Еуразия одаққа өтейін деп жатыр, енді бізде мұнда жұмыс істеу қиындық туғызбайды» деп қуанғанын көргем және мұнда жұмыс істейтін қай қырғызды көрсем де, осы сөзді еститінмін. Өзге мемлекетте ауыр жұмыс істеп, бала-шағасын асырап жүрген, отбасына, ата-анасына ай сайын ақша салып тұратын, біраз адамның тағдыры өздеріне байланысты екенін сезінетін оларды түсінесің... Соңғы кезде Мәскеуден қырғыздардың киімдерін жиі көре бастадым.

...Мәскеу дүкендеріне кірген сайын Ресейде өндірілген өнімдердің сыртынан қате-қате жазылған қазақшаны көрем... (орыстілді қазақтар аударса керек) Бұл өнімдердің Қазақстанға экспортталатынын да түсінем... «Еуразия одаққа Ресейдің экономикасын көтеру үшін кіріптік қой» деген ой жанымды жей бастағанда дүкеннен қашып шығам...


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1102    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 23.10.2017, 11:55

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
26 Шілде, 11:54
Бізде бәрі проект...
17 Маусым, 13:55
ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ
9 Мамыр, 12:09
Серік Жанболат

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30