Тіл - тас жарады...

Роскосмос қашанға қазақ даласын улап, адамын өлтіре береді?

  • Роскосмос қашанға қазақ даласын улап, адамын өлтіре береді?

    Роскосмос қашанға қазақ даласын улап, адамын өлтіре береді?

Өткенде тағы бір Ресейдің зымыраны құлады. Байқоңырдан ұшырылған зымыранның зарары үшін Роскосмос Қазақстан Үкіметіне соқыр тиын да төлемейді екен. Сол зымыранның қалдығы Жезқазған маңындағы Талап ауылының төбесінен түскен. Соның салдарынан өрт шығып, Қазақстан азаматтары ажал құшқан еді. Сөйтсек, алдын ала келісім бойынша, ресейлік зымыранның құйрығы дәл осы маңға құлауы тиіс екен-мыс.

Бізге мәлім дерек.

1. Ресейдің кезекті зымыраны құлады. Қайда? Қазақстан топырағына.

2. Қарағанды облысында құлаған зымыранның "запчасты" жанғанда зардап шеккен Вячеслав Тыц. Ол Қазақстан Республикасының азаматы. Денесінің 50 пайызын күйік шалған. Осымен алтыншы тәулік өмір үшін күресіп жатыр. Қазіргі жағдайы - шалажансар жатыр.

3. 1964 жылғы тағы бір Қазақстан азаматы сол жерде қаза болды.

4. Ресейлік зымыран сәтті ұшқанымен, оның құйрығы Ұлытау ауданы, Талап елді-мекенінен 20-ақ, шақырым жерге құлады. 10 гектар жер өртенді.

Талғат Жүсіптің дегеніне сенсек, осынша зардап әкелген ресейлік зымыран тасығыштың құйрығы келісулі жерге түсіпті. Дәлірек айтсақ, Ресей жалдап отырған жерге құлаған-мыс.

1. Сонда Ұлытау ауданы мен Талап елді-мекенін Ресей жалға алып отыр ма?

2. Ресейдің Роскосмосы Қазақстан азаматтарын қыру үшін арнайы лицензия алған ба?

3. Қазақстан мен Ресей үкіметі өзара келісімді қарастырғанда, зымыран қалдықтарын тастау үшін неге елсіз жерді белгілемеген? Осыған дейін сан рет құлаған Ресей зымырандарының қалдықтары Қазақстан ауылдарының тастөбесінен түсіп жатқанын жазып-ақ, келеміз. Естір құлақ қайсы?!

4. Төтенше жағдай қызметкерлері жергілікті жұртты неге ескертпеген немесе эвакуация жасамаған?

5. Қазақстан азаматының қазасына кім жауап береді? Қаза тапқан азамат Ресейдің сатып алған мүлкі ме? Ұлытау ауданы мен Талап елді-мекені Ресейдің иелігіндеге жер ме? Жараланған азаматтық тағдырына кім жауапты. Талғат Жүсіптің айтуынша, Ресейдің түк кінәсі жоқ екен. Демек, төтенше жағдайларды ескерместен, ҚР азаматтары тұрып жатқан елді-мекенді зымыран қоқысын тастайтын күресінге берген Қазақстан шенеуніктерін жауапқа тарту керек?!

Бұл не масқара?!


Нұргелді Әбдіғани

Фейсбуктегі парақшасынан


 


 




Көрілген: 1468    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.06.2017, 09:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30