Тіл - тас жарады...

Ру-руға, ата-атаға бөлмейікші, айналайындар!

  • Ру-руға, ата-атаға бөлмейікші, айналайындар!

    Ру-руға, ата-атаға бөлмейікші, айналайындар!

БӘРІМІЗ ҚОСЫЛЫП БІР ҚАЗАҚ БОЛАМЫЗ


"Мәриям Жагор деген орыс қызынан" бастап "Өзбек қызы", "Қырғыз қызы", "Дүнген қызы", "Башқұрт қызы", "Татар қызы", "Ноғай қызы" деген жақсы әндер шырқалса сүйсіне тыңдаймын, оған шүбәларыңыз болмасын, бірақ аз қазақтан бөліп-жарып ап "Қоңырат қыз" деп айтқан әнді естігенде, не дерімді білмей қалдым.

Қоңырат - мен үшін Қазақ! Қоңыраттың қызы да, ұлы да Қазақ! Қоңыраттан өсіп, өнген небір қасқалар мен жайсаңдарды мойындаймын, құрметтеймін. Ал анау "Қоңырат қыз" деген "жобаны", кешіріңіздер, жүрегім қабылдай алмады. "Дулат қыз", "Ысты қыз", "Шапырашты қыз", "Ошақты қыз", "Арғын қыз", "Найман қыз", "Адай қыз" (т.б.) десе де айтар ойым мен пікірім осы.

Өйткені, бәрі қосылып, бәріміз қосылып бір ҚАЗАҚ боламыз! Қазақ деген елдің қасиетін жоғалтпайық десек, ендігі жерде әсем әніміздің "басына" да әңгіртаяқ ойнатып, ру-руға, ата-атаға бөлмейікші, айналайындар!


Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1480    Пікірлер: 0

сенбі, 10.03.2018, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31