Тіл - тас жарады...

«Сағадиев айта береді...» деп жауап берді

  • «Сағадиев айта береді...» деп жауап берді

    «Сағадиев айта береді...» деп жауап берді

Мұғалімдерді қоғамдық жұмысқа жекпейміз дегені қайда? Қазір ғана үйге бір мұғалім келіп кетті. Қолында тұрғындар тізімі. Тұратын-тұрмайтынын белгілеп жүр. Ары қарай диалогты айна-қатесіз келтіріп отырмын.

-Не үшін тексеріп жүрсіз?

-Сайлау болады.

-Не сайлау?

- Білмеймін, білгім де келмейді, «сайлауға керек» деді де акиматтағылар қолымызға тізім ұстатты.

-Мұғалімсіз бе?

-Ия.

- Мұғалімдерді қоғамдық жұмысқа тартпаймыз деп еді ғой..?

-Біз де акиматтағыларға осы сауалды қойып едік : «Сағадиев айта береді...» деп жауап берді.

-Мұғалімдер бірігіп, наразылық білдірмейсіздер ме?

-Ойбууу, ол кезде қудалау басталады ғой.

-Кім қудалайды?

-Директор. «Мені жаманатты қылдыңдар» деп жұмыс істетпейді. Қарсы сөйлесек бітті, акиматтағылар «мұғалімдеріңді есіртіп жібердің?» деп директорды қыспаққа алады екен.

-Енді бүгін жексенбі, сіздер де демалуларыңыз керек қой? Онсыз да алты күн жұмыс істейсіздер. Басқа мұғалімдер де осылай үй аралап жүр ме?

-Ия, бүкіл мұғалім бүгін үй аралап жүр. Әрқайсысының өз микроучастоктары бар.

-Мектептің өз жұмысы да бастан асатын шығар?

-Айтпа, бастан асады. Бұл бұл ма, «күн жылынса көше тазалауға шығасыңдар» деп ескертіп қойды........

ХХІ ҒАСЫР МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БҮГІНГІ КҮЙІ ОСЫ.


Марина Жумаш


Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1492    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 13.03.2017, 09:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:54
    Бізде бәрі проект...
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31