Тіл - тас жарады...

Сақтан қазақ, бәлені бастан сақтан!

  • Сақтан қазақ, бәлені бастан сақтан!

    Сақтан қазақ, бәлені бастан сақтан!

 Демограф Сәуле Уәлиева ұлтаралық некелер туралы былай дейді: 1970 жылы 20,6 %, 1979 жылы – 21,5 %, 1989 жылы – 23,9 %. 1999 жылдан по 2005 жылға дейін – ұлтаралық некелер 21,%тен 18,8%ке дейін азайды,бірақ қазақтың ұлтаралық некелері аз деп есептеледі:3,5-5,5%.Қазақтың ұлтаралық некелерінің жартысы европалық ұлттармен, келесі жартысы-ұйғыр, өзбек, басқа өзіне сәйкес тілдік ,антропологиялық ұлттармен. Мөлшері 55-60% қазақпен неклескен орыс, украин, татар некеден туғандар ұрпағы өзін қазақпыз деп санайды, бірақ орыстілді болады, ал өзбек, ұйғырдың 80% қазақ тілді қазақ болып жатыр.Орыспен некелесіп, неміспен некелесіп одан туған ұрпақ Ресейге , Германияға көшу ықтималдығы жоғары және олар келесі аралас некеден тартынбайды.Сонымен қазақ ұлтаралық некелерден ұтылып жатқан жоқ.Керісінше , сәл саны өсіп келеді.Қазақ генофондын жаңаруын қажет етпейді.Әрбір оныншы қазақ - кезінде оралман болған.Бірақ оралмандар сарқылып және туу төмендеген тұста этногенетикалық ассимиляцияның орнына тілдік ассимиляция маңыздырақ келеді.Сондықтан қазақ тілінің коммуникациялық және статустық басымдылығы керек.Орыс отаршылдығының дәуірі бітті, орыс саны 3.5 млн адам.Орыс саны күн санап азайып келеді.Тіпты орысы көп Өскеменнен,Петропавловскіден,Қостанайдан оларға қысым жасалмаса да көшіп кетіп жатыр.Енді қауып қатер азиялық мемлекерден иммиграция.Ол Қытай,Индия,Пакистан , Бангладеш,Ауғанстаннан келіп кеткісі жоқтар.Әсіресе Қытай ханьдарының тауқыметі саясат саудасына айналмақ.Мәселен, ондай жағдай Вьетнамда, Малазияда, Индонезияда,Тайландта ұшырасқан.Бізге тезірек оралмандарды жинап алып басқаларды қабылдамау керек. Бүгіннің өзінде Ауған студентері бізден қайтқысы жоқ. Уақытша келген азиялық кедей мемлекеттерінің студенттері, туристері заңсыз некелерге тұрып, заңсыз азаматтық алып,заңсыз кәсіпорын ашып, заңсыз жұмыс істеуде. Сақтан қазақ , бәлені бастан сақтан!


Әзімбай Ғали, facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 2190    Пікірлер: 0

сенбі, 13.01.2018, 18:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31