Тіл - тас жарады...

Сайтына адам жинау үшін шешінген кемпірдің де к... көрді ғой шыққыр көзіміз

  • Сайтына адам жинау үшін шешінген кемпірдің де к... көрді ғой шыққыр көзіміз

    Сайтына адам жинау үшін шешінген кемпірдің де к... көрді ғой шыққыр көзіміз

Қазақ жігіттері жігіттердің төресі, қазақ қыздары әлемдегі ең сұлу, ең әдепті қыздар ғой. Хиджаб жамылған араб қыздары мың жерден иманды болса да қазақ қыздарының қасында жіп есе алмайды. Қазақ қыздарының тәрбиесі ерекше ғой.

Әттең өз қадірімізді өзіміз кетіріп жүрміз.

Мектепті енді бітірген боқмұрын балалардың әңгімесін тыңдасаң, ана қызды бүйттім, мына қызды сүйттім, ананы ұрдым, мынаны қырдым, ішіп алып бүйттім, шегіп алып сөйттім деп сөйлейді. Тыңдағым келмейді. Арақ ішу, біреуді ұруды, шегуді, сайрандауды еркектік санайтын сияқты. Қыздардың тәрбиесі азайып бара жатқан сияқты. Ашық шашық киіну, кіндігін, төсін ашуды, керемет іс деп ойлайтын сияқты. Сайтына адам жинау үшін шешінген кемпірдің де к... көрді ғой шыққыр көзіміз.

Тәрбиелі боп, арақ шарап ішпей жүрсе заман көшінен қалып қоймас еді.

Арақ демекші, осы қазақтың болған оқиғадан неге сабақ алмайтынын ұқпадым. Ауылда арақтан өлгендер көп, бірақ ішетіндер әлі тыйылмады. Ешкім сабақ алмады.

Бір үйдің екі бірдей адамы арақтан өлген, бірақ сол үйдің адамдары әлі арақ ішеді.

Кеше қырықтан асқан біреу мас болып біреудің жас баласын өлімші етіп сабап тастапты. Кешірім бермесе 2 жылға сотталуы мүмкін дейді. Әдемі әйелі бар, сүйкімді 3 баласы бар сол еркекке не жетпегенін ұқпадым. Қырықтан асқанда кірмеген ақыл қашан кіреді. Құдай біледі содан кейін де сабақ алмайды. Тамақ жоқ деп жылайтын қазақ араққа табады. Қазаққа тамақтан бұрын сабақ керек, тәрбие керек.


Дәулет Серікбай

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 4404    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 20.09.2017, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:54
    Бізде бәрі проект...
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31