Тіл - тас жарады...

Шабан аттың желігінен кішігірім тақтың желігі ауырлау, есерлеу болады

  • Шабан аттың желігінен кішігірім тақтың желігі ауырлау, есерлеу болады

    Шабан аттың желігінен кішігірім тақтың желігі ауырлау, есерлеу болады

ЖЕЛІК


Баяғыда бір ауылда өте момын, ынжықтау адам өмір сүріпті. Ауылдастары көре қалса әжуа етеді екен. Ынжығымыз мұрнын бір тартып, ыржиып отыра береді... Тақымы не атқа, не әйелге толып көрмеген сол сорлыдан бір көршісі жәрдем сұрапты:

- Уа, Бәке, алыстағы ағайынға хабаршыға жібергенге баланың ыңғайы болмай тұрғаны... Оның үстіне бала жіберіп шақыртты деп туыс өкпелер... Сіз барып қайтсаңыз - дейді. Жаяу адамға екі күндік жердегі ауылға ынжықтың барғысы келмей қипақтап тұрғанын көріп:

- Ой, Бәке, сіздей азаматты жаяу жібереді деймісіз, ана құла қасқаны мініңіз - деп көпшік қояды. Сөйтіп ынжығымыз қопаңдап ат үстінде кете беріпті.

Қызықтың көкесі Ынжық кері оралғанда бопты. Күні бойы ат үстінде жүріп, айдарынан жел ескен Бәкең ауылға кіргенде елдің бәрі саусақ шошайтып күле бастайды.

- Ой, ана Ынжықты қара, х-х-х!

- Өйбу, Ынжық көкем адам бопты, ей, ха-ха-ха!

Осы сәтте Ынжық атын тебініп, күліп тұрғандарға ұмтылады. Ынжығың күндей күркірепті:

- Өңшең хайуан! Қамшымен тартып жіберейін бе?! Әке-шешеңді...!!!

Қағытып тұрған жігіттердің өңі бұзылып сала береді. Тұра ұмтылып Ынжықты аттан жұлып алмақ еді әріректе қызықтап тұрған бір қария басу айтыпты:

- Әй, тимеңдер! О байғұсты еліртіп тұрған аттың желігі ғой. Аттан түскен соң басылады, қалпына келеді!

Атқа мініп, өмірінде бірінші рет елдің төбесінен қарап көрген Бәкеңнің қиялында ата-бабасының хан, батыр болғаны секілді талай қиял оянып, желігіп алған екен?! Аттан түскен соң бейшара күйі қайта оралыпты.

ПЫ.СЫ. Шабан аттың желігінен кішігірім тақтың желігі ауырлау, есерлеу болады. Меңдуана жегендей әңкі-тәңкі боп, ұзақ ес жия алмай жүргендерді көрдік...


Serik Abiken

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1767    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.02.2018, 11:45

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
16 Желтоқсан 2017
Халықты ақымақ санайды

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30