Тіл - тас жарады...

Шет елдегі қандастарымыздың бір тобы Отан деген ұғымды тұрмыстың жақсы-жаманымен өлшейді

  • Шет елдегі қандастарымыздың бір тобы Отан деген ұғымды тұрмыстың жақсы-жаманымен өлшейді

    Шет елдегі қандастарымыздың бір тобы Отан деген ұғымды тұрмыстың жақсы-жаманымен өлшейді

Өзге мемлекеттерде тұрып жатқан қандастарымызды Қазақстанға көшіру мәселесін заматтарымыз үнемі көтеріп, жанашырлық танытады. Әсіресе, қытайдағы қандастарымызға деген алаңдаушылық бәріміздің көкейімізде. Алайда біз қайсібір бауырларымыздың ішкі ойларын біле бермейтін секілдіміз.

Жаңа ғана қытайдан қыдырып келген төрт жігітпен әңгімелесіп қалдым. Біреуі ықтияр хатының уақыты жеткенін айтты. Енді азаматтыққа арыз жазатын шығар деген ойда едім. Қонағым:

- Азаматтықты алмаймын. Қазақстанда күн көріс тым қиын екен. Еңбек ақы мардымсыз, зейнетақы тіпті аз. Ас-су, киім-кешек деген удай. Біз сіздерден көш ілгері тұрады екенбіз. Елуде зейнетке шығамын. Бүгінгіден жаңылмаса 300 000 теңгедей зейнетақы алатын боламын. Оның үстіне орысшаны енді үйрене алмайтыным анық. Балалардың да келгісі жоқ, - дегені.

Қалған жігіттер де Отанға оралуға онша құлық таныта қоймады.

- Біз өз ата мекенімізде отырмыз. Обалымыз орысқа болсын. Шекара бөлгенде сыртта қалдырған,-деп, сонау 1864 жылығы қытай-орыс шекара бөлісінен хабары бар, оқыған, білімді, сауатты азаматтар екенінен хабар берді.

Маркс ойыма келді. Жарықтық "Сананы - тұрмыс билейді" деген еді. Шет елдегі қандастарымыздың бір тобы Отан деген ұғымды тұрмыстың жақсы-жаманымен, күнкөріспен өлшейді екен. Біз өз жерімізде күн кешіп жатқан соң тұрмыстық деңгейімізге сырт көздей баға бере алмаймыз ба? Бұл қаншалықты дұрыс?


Камал Әбдірахман

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1094    Пікірлер: 0

жұма, 16.11.2018, 11:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31