Тіл - тас жарады...

Шеттен келген қазаққа тездетіп азаматтық алып беретін заң шығаруымыз қажет

  • Шеттен келген қазаққа тездетіп азаматтық алып беретін заң шығаруымыз қажет

    Шеттен келген қазаққа тездетіп азаматтық алып беретін заң шығаруымыз қажет

Елге оралған ағайынға алғашында оралман куәлігін береді. Сол куәлікті де (ықтиярхатты да) алып тастап, бірден азаматтық алатындай қылу керек. Сонда олар ешқандай статус алмай-ақ, қазақ қоғамының тең хұқылы азаматына айналып шыға келеді. Еліміздің солтүстігінде тұратын орыстардың көбі екі елдің азаматтығын алып алған. Куәлігін көрсетсе болды, аз уақытта азаматтығын алып береді екен. Орыстар бәрін әдейі жеңілдетіп тастаған. Біздегі көші-қон басқармасында кілең оралмандарды жек көретіндер отырып алғандай әсер аласың. Осы көзқарасты өзгерту керек. Оралмандардың азаматтық алу үшін қанша құжат жинайтынын, қандай қиындыққа тап болатынын естігенде, жағамды ұстадым. Біз бәрін әдейі қиындатып отырған сияқтымыз. Баяғыда Қытайдан келгендерді «қытай», Моңғолиядан келгендерді «моңғол» дейтін бір жаман әдет бар болатын. «Оралман» - соңғы уақытты осы бір әдетті ығыстырып шығарып, отанына оралғандардың басын біріктіретін ортақ атауға айналды. Дегенмен, бұл да меніңше проблеманы шешудің жолы емес. Біз өзіміздің шеттен келген қандастарымыздың әлеуметтік жіктелуіне алып келетін кез келген терминге сақтықпен қарауымыз керек. Біз де орыстар секілді шеттен келген қазаққа тездетіп азаматтық алып беретін заң шығаруымыз қажет. Оларға (қазақ екенін дәлелдейтін) қаншама құжат жинатып, әуре-сарсаңға салып қою – болашағын ойламайтын барып тұрған бюрократизм!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1231    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.04.2018, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30