Тіл - тас жарады...

Шын өнерге қолдау қашан да керек

  • Шын өнерге қолдау қашан да керек

    Шын өнерге қолдау қашан да керек

Samal Yeslyamovaның әлемдік деңгейдегі аса жоғары жетістігі біздің кино саласына жауапты мемлекеттік орындарды ойландыруы тиіс. Қазіргі Қазақстан киносындағы тенденция жалғаса береді: касса үшін түсірілген арзан комедия, мемлекет қаржысына түсірілген, түсіріліп жатқан әдемі постановкалардың жиынтығы іспетті әсер қалдыратын - фильмдер, саяси-мәдени тұлғалар туралы көрерменін сендіре алмайтын, актерлар ойыны өте жасанды, кино тілінде емес, театр тілінде сөйлейтін кинотуындылар пышақ кескендей тыйылады, оған үкімет қаржы бөлуді доғарады деу дәл қазір ертегі. Өйткені жүйе, сол жүйенің ішіндегі мәдени жүйені бірден, бір сәтте өзгерте алмайсың. Екінші жағынан қоғамдық сана, қоғамның талғам-өресі, танымы, білімі, мәдениеті өспейінше, сол өскен дүние өз дәрежесіндегі талғамы биік дүниелерді талап етпейінше тағы да ештеңе өзгермейді. Бірақ бұдан шын өнер өлген екен, оған қызмет ететін, ғұмырын арнайтын адам жоқ екен, шын өнерді түсініп, қолдайтын да ешкім қалмаған екен деген ой тумауы керек. Олар өте аз, бірақ бар: Қызмет етушілер де, қолдаушылар да, терең түсінетіндер де. Ендігі жерде мемлекет осы азға қолдау көрсетуі керек. Яғни, авторлық киноны қолдауға арналған ауқымды әрі кешенді бағдарлама қабылдап, жүйелі қолдау жасағаны абзал. Авторлық кино - шын өнер. Кино өнердің жалғыз шыңы. Ал қалған жанрлық кинолар олар түсіріле береді, кинобизнесін жасай береді. Сондықтан да шын өнерге қолдау қашан да керек. Әйтпесе, қаншама потенциалы мықты режиссерлер, сценаристер, суретшілер тіршілік илеуінде жүр, олардың басындағы, қағаздағы талай мықты идеяларын уақыт тұншықтырып жатыр. Обал!

Әл-әзір орындалмайтынын білеміз, бірақ айту парыз.

Еее, оны білетін бала қайда дегендей ғой...


Өміржан Әбдіхалықұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 773    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.05.2018, 14:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30