Тіл - тас жарады...

Соңғы кездері жұрт мақтап жүрген жас таланттарымыз қоңыз теріп кеткен бе?

  • Соңғы кездері жұрт мақтап жүрген жас таланттарымыз қоңыз теріп кеткен бе?

    Соңғы кездері жұрт мақтап жүрген жас таланттарымыз қоңыз теріп кеткен бе?

"Біз жақсы әдебиет жасалмай жатыр деп алаң көңілмен дабыл қағудың орнына, әдебиет қараусыз қалды, мемлекет қамқорлық жасамайды деген сөзді көп айтамыз. Шынымен солай ма? Жоқ. Мемлекет те, меценаттар да миллиондап қаржы бөледі. Тағы да ұқсата алмай жүрген – өзіміз. Бір кезде "Жалынның" жабық бәйгесінде озып шыққан Мағауиннің "Бір атаның балалары", Оралханның "Қайдасың, қасқа құлыным", Мараттың "Виолинчель, мен, Арыстан және қасапхана", Тынымбайдың "Қарлығаштың ұясы" сынды туындылар әдебиетіміздің асыл қазынасына айналды. Қазір жылына ондаған әдеби конкурс, мүшәйралар өткізіледі. Машина тігіп, миллиондап ақша бөлінеді. Сондай дүбірлі жарыстарда қара үзіп келген жүлдегерлердің ішінде жұрт жапырлап оқып," пай-пай, міне, керемет" дегізерлік ауызда жүрген бір туындыны атай аласыз ба? Ішің білсін, әлу-әй! Бармақ басты, көз қыстымен қазан құлағындағы баяғы "түлен" көкелер шүлен үлестіріп мәз..."

Бұл - Жазушылар одағының Пленумынан кейін белгілі жазушы Тұрысбек Сәукетаевтың "Жазушыда неге бедел жоқ" деген мақаласынан үзінді. Мен біреуді құптап, біреуді сынаудан аулақпын. Оған құқым да жоқ. Құзыретім де келе қоймас. Тек жоғарыдағы біз сүйіп оқыған шығармалар мен аталған жазушының "М. Мағауинің "Қыпшақ аруы", "Жармақ", Б. Нұржекеевтің "Әй, дүние", Қ.Мұхаметқалиевтің "Тар кезең" т.б. бірлі-жарым шығармадан өзге нені атай аламыз?" деген уәжінен кейін "бізде соңғы кездері бүгінгі күннің шындығын жазатын, көркем сөзбен кесте тігетін қаламгер қалмаған ба? Соңғы кездері жұрт мақтап жүрген жас таланттарымыз қоңыз теріп кеткен бе?" деген ой туады екен. Шынымен солай ма?


Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1586    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.02.2018, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31