Тіл - тас жарады...

Сіздер тоңып секірсеңіздер, біздер тойып секіріп жүр екенбіз

  • Сіздер тоңып секірсеңіздер, біздер тойып секіріп жүр екенбіз

    Сіздер тоңып секірсеңіздер, біздер тойып секіріп жүр екенбіз

Он бес минут ішінде аяқтан өткен суық мидан бір-ақ шықты.


Бүгін гүл шоғын қоюға барған кезде он бес минутқа əрең шыдадым. Суық өтіп бара жатыр. Қанша намыс кернесе де, рухың желтоқсаншылар деп айғайлап тұрса да суық сындырып тастады. Тісім тісіме тиіп, дірілдеп көлікке отырдым . Жол бойы өз ойыммен өзім алысып келем. 1986 жылы жастар қара суыққа қалай шыдаған деп. Шаштарынан сүйреп, мұзға отырғызып, үстеріне су шашып әбден қорлағаны көз алдыма елестеп, бір еңкілдеп жыладым. Қыршын кеткен аға-əпкелерім-ай, сіздердің арқаларыңызда тəуелсіздіктің дəмін сезіп, осылай шалқып жүрміз.

Біз сендерге əрқашан қарыздармыз!

Сіздер тоңып секірсеңіздер, біздер тойып секіріп жүр екенбіз. Сіздер аңсаған тəуелсіз елді біздер шайқалтпай ұстауымыз керек. Тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын ағайын!


Айгүл Орынбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4384    Пікірлер: 5

бейсенбі, 21.12.2017, 12:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан 2017
    Халықты ақымақ санайды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30