Тіл - тас жарады...

Тар пəтерде тұрғандарға баланы көбейтіңдер деп айтқаны ыңғайсыз екен...

  • Тар пəтерде тұрғандарға баланы көбейтіңдер деп айтқаны ыңғайсыз екен...

    Тар пəтерде тұрғандарға баланы көбейтіңдер деп айтқаны ыңғайсыз екен...

Он бала туған Мадина өкіметке өкпелеп отыр.

--"Бір қозы туса, бір туп жусан артық шығады" деуші еді.

Қайдан? Əр баланың өз несібесі бар.

Ту, ту, туа бер деп енеміз айтқан соң, ештеңеге қарамай, көк көрпені күнде бүлкілдетіп, туа беріппіз. Оның үстіне Патшаның; "Демографияны көтеру керек"- деген сөзі тағы бар. Алғашқы үйленген кезімізде отағасы екеуміз қол ұстасып, көп қыдырушы едік. Дүкенге баратын болсақ та, тəуір киімімізді киіп шығатынбыз. Бірнеше балалы болған соң бəрі қалды. Қол ұстасып жүрген ғашығымды айына жылына бір-ақ рет көретін болдым. Табыс табамын деп алыс қалаларға сандалып кетті. Бала-шағаны асыраймын деп, ала сөмке арқалап базарға шығып мен кеттім. Баланың көп болғаны жақсығой əрине. Балалы үй базар деген. Деседе мына қиын қыстау заманда оларды қатарынан кем қылмай өсіру қиынның-қиыны. Əр баланың несібесі бар деп өзімізді алдарқатқанымызбен оның бəрі жай əншейін сөз ғана. Тынбай еңбек етесің, өзің кимесең де, балаңа кигізесің. Өзіме жаңа носки алуға ақша қимаймын. Міне көрдіңбе астын төбесіне айналдырып алып киіп жүрміз.

Тəпішкесін сілкелеп шешіп тастады да, жыртылып кеткен нəскиінің табанын көрсетті.

Қарап тұрған біз рахаттанып күліп алдық.

Сара апай да самбырлай жөнелді

--Сіз оны айтасыз. Менің тіпті іш киімімнің ауы жоқ. Іштен кім көреді дейсің деп киіп жүрмін амалдап.

-Сен де ауы жоқ болса да төбе жоғы, бар екен. Мен де ол да жоқ. Мадина апа прям сол жерде іш киімінің мүлдем жоқ екенін дəлелдемек болып, шай дамбалының ышқырын төмен түсірді. Шынында да жоқ екен. Сендік деп жүріп тоқтаттық.

Шиқылдап күліп тұрған мені де сөзбен түйреп əкетті бір кезде.

-Көрерміз балаларың өссе.

-Əəə, əне бармағың көрініп қалыпты ғой! Басталып жатыр. Шиқылдап күліп тұрып, аяғыма қарасам, шыныменде бармағым носкиден шығып кетіпті. Мені көрдіңбе дегендей ырдиып тұр екен. Кеше ғана тігіп алған сияқты едім. Қытайдың бəлелері тігуге де келмейді негізі. Тиын-ақ тұрадығой.Сатып ала салуға болады. Бірақ сол тиынды өзіңе қимайсың-ау, қимайсың. Балам жесін, ішсін деген ой ғана тұрады көкейде. Пəтерге төлеуің керек, анаған төлеу керек, мынаған төлеу керек. Ошым өзіңді ұмытасың. Өмірғой!

Айтқандай кейінгі кезде пəтер егесі бүйтіп туа берсең, пəтерден шығарамын деп шарт қойып жүр. Орыстар да қағаз-қаламын ұстап дайын жүргенге ұқсайды. Осылар нодоел болды. Балалары шулайды. Егіп қойған гүлімізді жұлып кетті деп. Содан жүрміз. Баланың санын көбейткен едік, отағасы бір бөлмеге симай арғы бөлмеге шығып кетті. Тағы тусаңшы деп қиылып отыр өткенде. Енді тусам, отағасы келесі бөлмеге де симай сыртқа шығып кететін біліп отырмын. . .

Кеше осындағы достарымның "Ұлы дала квартиранттары"- деген жазбалары шындыққа жанасатын сияқты. Тəуелсіз ел болсақ та, тəуелсіз үйіміз жоқ. Ұланғайыр жеріміз болса да, ұлтарақтай жекеменшік жеріміз жоқ. Неменесіне демографияны көтер деп айта береді десеңші?

Бір-бір үйден беріп тастаса, туғанның көрсетедіғой келіншектер. Тар пəтерде тұрғандарға көбейтіңдер деп айтқаны ыңғайсыз екен.

Жоғарыдағы Мадина апа мен Сара апамның жыртық носки мен ауы жоқ іш киім киіп жүргені де жай емес. Қымбат қой. Оны удай қылып сатып алғанша, балаларыма нан алайын дейтін шығар.

Ееее қайтейік?. Өстіп жүріп, чунга-чанга болып кетпесек нетті.



Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2201    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 02.05.2017, 09:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ
    9 Мамыр, 12:09
    Серік Жанболат
    21 Сәуір, 08:51
    Тағы халық кінәлі...
    25 Наурыз, 20:32
    "Наурыз ботқа"
    18 Қаңтар, 14:49
    Банальный бақыт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30