Тіл - тас жарады...

Тасыған өзендермен қазақтан қоқыс келеді деп Сібір шулайды

  • Тасыған өзендермен қазақтан қоқыс келеді деп Сібір шулайды

    Тасыған өзендермен қазақтан қоқыс келеді деп Сібір шулайды

Қала, ауылдың шеті қазіргі уақытта қоқысқа толы. Не себепті екені белгісіз, қазақтар қоқысты өзен жағалауына, сай-жыраларға төгуге құмар. Біздің принцип- шарбақ іші таза болсын, ал көше былғанып жатса да маған бәрібір!

Қоқыс болғанда да қандай қоқыс! Бүгінгі қоқыстың табиғаты басқа: шірімейді əрі ерімейтін пластик қоқыстар. Бұрынғыдай ошақтың күлі, малдың қиы сияқты пайдалы органикалық қоқыс жоқ.

Сол пластик жинала келіп өзен арналарын, кеңес заманында тұрғызылған көпірлерді, су өткелдерін, шлюздерді бітеп тастайды да, арнасынан асып жақын жердегі ауылдарға жетіп келеді.

Өзімізді алдасақ та, табиғатты алдай алмайсың. Ала жаздай өзен жағасында сыра, сусын, арақ ішіп, құтыларын сол өзенге лақтыра саламыз, не ертең бюджеттік мекемелердің қызметкерлері жинайды ғой деп баламыздың памперстерін де жағалауға тастаймыз. Жиналған құтылар келесі жылдың көктемінде қар суымен қосыла ағып келіп, сенің үйіңді бұзады, көлік жолыңды талқандайды.

Өзен арналары ескі бұтақ, қамыс, шөп- шаламнан тазаланбайды.

Үймізді бұзып, жолды талқандап, батпақ-лайды бетімізге жағып кеткен дала өзендері Ертіс, Жайық, Еділге қосылып, одан әрі Сібір өзендеріне бағыт алғанда, қазақтың қоқысы да бірге көшеді. Тасыған өзендермен қазақтан қоқыс келеді деп Сібір шулайды.

Су мен қоқыс шекараны білмейді...


Баян Сарсенбина

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1569    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 13:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қыркүйек, 10:40
    Министр мықты екен...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31