Тіл - тас жарады...

Теледидар да медиа, әлеуметтік желілер де медиа

  • Теледидар да медиа, әлеуметтік желілер де медиа

    Теледидар да медиа, әлеуметтік желілер де медиа

90-ыншы жылдар...

"Рабыня Изаура", "Байлар да жылайды", т.с.с. сериалдар тележабайы қазақтарға ұсынылған кез. Елдің барлығының көзі көгілдір экранда. Сол уақытта үйіне ұры түсіп, дәрет сындыруға не су ішуге шыққан кезде алдынан үйінің кілемін ұрлағандар шығып "Апа, кілем сатам аласыз ба?" дегенде "Жоқ" деп жүре берген қазақтар... Қорасы тоналып жатқан қазақтар... Шаруасы оталып, өзі омалып жатқан қазақтар...

Салдары - экономикасы сырттан келетін импортқа тікелей тәуелді. Ел ішіндегі кәсіпорындар құлап жатыр.

2015 жылдар...

Интернетжабайы қазақтарға әлеуметтік желі ұсынылған кез. Енді елі тоналып, жұрты қаналып, көрші ауылдың ұрылары емес, сырт мемлекеттің ұрыларына барын ұсынып отырған қазақтар... Елдің барлығының көзі Фейсбукте. Шаруасы оталып, өзі омалып жатқан қазақтар...

Салдары - сыртқы ақпаратқа тікелей тәуелді. Ел ішіндегі медиаресурстар тәлтіректеп әрең тұр.

Шешесі суалып қалған не тастап кеткен нәрестелер болады ғой. Сосканы өлгенше еметін. Асқан бір ләззатпен емізікті өліп шайнап жатқанда аузынан суырып алсаң... бақырып жылаушы еді ғой. Қайтсын енді, одан басқа ештеңе жоқ оны алдарқататын.

Сол сияқты, 90-шы жылдары теледидар қарағанда одан бұрып әкету мүмкін болмаса, қазір интернет пен Фейсбуктен бұрып әкету мүмкін емес. Өйткені, шешесі жоқ бала сияқты, өзінің медиасы қалыптаспаған елміз. Амал жоқ, емізікпен отыр. Суырып алса, жылайды...

Теледидар да медиа, әлеуметтік желілер де медиа. Бейшара жапалақты таспен ұр не, жапалақпен тасты ұр не, бәрібір...


Timur Bektur


Фейсбуктегі парақшасынан



Көрілген: 648    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 14.04.2017, 09:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:54
    Бізде бәрі проект...
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ
    9 Мамыр, 12:09
    Серік Жанболат
    21 Сәуір, 08:51
    Тағы халық кінәлі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31