Теңгеміз қазақша-орысша сөздікке айналмаса екен

Теңгеміз қазақша-орысша сөздікке айналмаса екен

Ерте ме, кеш пе, ауысатыны ақиқат қой әйтеуір.
Бірақ Ұлттық банкіміз осы іске кіріскен кезде (ендігі кірісіп те кеткен шығар) ақшамыздағы 200; 500; 1000; 2000; 5000; 10000 және 20000 теңге деген айырма белгілерді қазақшаға қосақтап тағы да орыс тілінде жазып, тәуелсіз мелекеттілігіміз бен дербес қаржы саясатымызды айқындайтын ең басты атрибуттарымыздың бірі - төл теңгемізді "қазақша-орысша сөздікке" айналдырып, әлем алдында күлкіге қалып жүрмесе екен. Артық жұмыс артық шығын, сол сияқты артық сөз де артық саясат.
Мен білетін біздің орыстар басқаға өкпелесе де, теңгелеріңде неге орысша жоқ деп өкпелемейді. Одан кейін 200; 500; 1000; 2000; 5000; 10000 және 20000 теген сандарды бадырайтып жазып қойғаннан кейін, оны тағы да "пятьсот" деп, "десять тысяч" деп орысшалап жату артық емес пе? Теңге дизайны үшін артық әшекей, артық сөз.
Алысқа бармай-ақ, мысалды көрші Өзбек пен Қырғыз елінің сумы мен сомынан іздейікші. Олардың төл ақшалары тек қана өз ана тілдерінде, яғни өзбек пен қырғыз тілдерінде ғана жазылса да оған Ресей елі мен ормандай орыс халқы қабақ шытып, көз алартып, доқ көрсетіп дегендей, ренжіп жатқан жоқ. Қайта аталған елдердің тәуелсіз қаржы саясаты бар екеніне, оны бөтен сөзбен араластырмаған бекзаттықтарына құрметпен қарайтынын байқап жүрміз. Одан кейін, жалпы, елдер мен елдер арасындағы достық саясаты ақша белгілерін екі тілде жазуға қарап тұрған жоқ қой.
Құрметті Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мырза!
"Ештен кеш жақсы" деп, төл теңгеміздегі бұрынғы кеткен әттегенайдың орнын толтыратын кез жеткен сияқты. Сондықтан алдағы уақытта төл теңгемізден тек қана латын қарпінде жазылған айырма белгілерін көретін болайықшы!

Көсемәлі Сәттібайұлы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста