Тіл - тас жарады...

Торғайдың халқына таза ауаны да көп көрген сияқты

  • Торғайдың халқына таза ауаны да көп көрген сияқты

    Торғайдың халқына таза ауаны да көп көрген сияқты

Барша қазақ елін Ахаң-Жахаң туған киелі Торғай жерінде Ресей зымырандарының қалдықтары құлайтын полигон ашылуымен құттықтаймын. Ондаған ауылдың үстіне енді зымыран қалдығы құлайтын болады. 100 мың гектар жерді Ресейге жалға беруден жыл сайын аудан бюджетіне 150 млн теңге қаржы түсетін көрінеді. Барлық ауылда медпункт ашылып, жедел жәрдем көлігі берілетін көрінеді.

Гептилдің еш зияны жоқ көрінеді. Тұмаудың дәрісін ішсек жазылып кететін көрінеміз.

Бүгін Қостанай қаласында жерді Ресейге жалға беру туралы кеңес өтіп, оған Айдын Айымбетов, Бейбіт Атамқұлов сияқты ғарыш саласына жауапты адамдар қатысыпты.

70 жыл Кеңес өкіметінің, ширек ғасыр қазақ үкіметінің жақсылығын көрмеген Торғай өңірің аз уақытта дамытып тастамақшы боп отырған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР ғарыш агенттігінің басшысы Бейбіт Атамқұлов, ғарышкер Айдын Айымбетов, Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов сияқты азаматтарды "Қазақстанның еңбек ері" орденімен марапаттауды ұсынамын.

Торғайды Ресейдің қоқыс полигонына айналуына бұлар сияқты еңбек сіңірген ешкім жоқ.

Атақты ғалыммен аттас Архимед әкіміміз Торғайды қалай дамытудың жолын тапқан сияқты. Қостанайдың жылы моншасында жатып неғып жаңалық ашпай жатыр деп ойлап едім. Жалға беруден түскен 150 миллион теңгені Шота әкім шотқа салып тиімді жұмсар деп үміттенемін.

Пысы. Ауылдардағы медпункттың қандай екенін жақсы білемін. Гептилден емдемек түгілі грипптен емдей алмайды. Осыдан 10 жыл бұрын берілген жедел жәрдем көлігі таксиге айналған. Ауылдан аудан орталығына адам тасып табыс табады. Тіпті сол мәшинемен байға қашқан қыздың соңынан қуғыншы боп барып келгенін көргенмін.

Торғай өңірінде ешқандай кәсіпорын жоқ. Халқының 99 пайызы жұмыссыз. Малмен күн көретін Таза ауаны басқарып жүрген жандар еді.

Енді Торғайдың халқына Таза ауаны да көп көрген сияқты.


Дәулет Серікбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2850    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 07.10.2017, 12:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:54
    Бізде бәрі проект...
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31