Ұлттың өзін өзі сақтау инстинктісінен айырылмайық, ағайын!
Қазақтың Ұлттық мүддесі тұрғысынан: патриотты да, сатқындарды да өз атымен айқындамай, бұл көш түзелмейді. Құнсызданған тәрбие! Ұлттық мемлекеттіліктен айырылсақ та, Ұлттың өзін өзі сақтау инстинктісінен айырылмайық, ағайын!
Қартайғанның бәрін Абыз дейтін ауру диагнозды доғарғаннан бастау керек!
Абыздық эталон - Хан Абылайды тәрбиелеген Бұхар жырау!
Реформаларын мақтап бір мақала жазсаңыз, Халық Қаһарманы атағын береді дегенде:
-Арымды қаңылтырға айырбастамаймын! - деп
Басын имеген академик Салық Зиманов!
Сонда, ертең төртаяқтағандардың барлығы Абыз бола ма?
Желтоқсан патриоттарын соттаған генерал Елемесовке асқақтатып қойған ескерткіштерің, мына биліктің Қазақ Ұлтын отарлап алған Әккі саясатын әшкерелеу.
Моральдық азғындаудың сұмпайы идеялогиясы!
Байлығына, таныстығына масаттанған ағайындықтың екіжүзділік саясатына, тоқтау салмаған Адам болмағаны, қоғамның бет пердесін толық ашты деп есептеймін.
Шын ескерткіш қойғыларың келіп, ақшаларың тасыса?
Жұмабек Тәшенев сияқты нағыз Асыл азаматқа неге қоймайсыңдар?
Ресейдің қанды шеңгел құрсауынан Ленинді мойындатып, шекара белгілеткен Асылдың Асылы, аяулы Азамат Әлихан атамызға неге қоймайсыздар? Сол жердің бәрі сібірге қосылып кеткенде, генерал Елемесовың екі метр жер қайтара алар ма еді? Ай қайдам?
Хохол Хрущёвтың бере салған Қырымы үшін алпауыт РФ қанша қан төгуде!
Ал Семейдегі Желтоқсан Жертвасы Рысқұлбеков пен Бас Палач Елемесовтың көшелері қиылысқан ПЕРЕКРЕСТОКті фотоға түсіріп салыңыздаршы. Көзіммен көрмей сене алар емеспін.