Тіл - тас жарады...

ҰЛТЫМНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІНІҢ СУРЕТІН ӨШІРУГЕ КІМ БҰЙРЫҚ БЕРДІ?

  • ҰЛТЫМНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІНІҢ СУРЕТІН ӨШІРУГЕ КІМ БҰЙРЫҚ БЕРДІ?

    ҰЛТЫМНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІНІҢ СУРЕТІН ӨШІРУГЕ КІМ БҰЙРЫҚ БЕРДІ?

Бұл істі аяғына дейін жеткізу керек деп шештім. Əсілі ақиқат біреу дейміз. Ал, Ақтөбеде ақиқат бірнешеу екен! Ұлтымыздың ұлы перзентінің суретін өшіргендер жайлы кеше жазғанмын. Енді міне бүгін Ақтөбенің əкімдігі суретті жаңбыр шайып кетті деген ақпарат таратты. Бұл өтірік ақпарат. Аруақпен, оның ішінде Мұстафадай арыстың аруағымен бұлай ойнауға болмайды. Əкімдіктің кімнің сөзіне сүйеніп айтып отырғанын білмеймін, өз басым бүгін күні бойы суретке тапсырыс берген компанияның басшысын да, оны салған суретшіні де тауып, телефон арқылы тілдестім. Басшы жоғарының тапсырмасымен суреттің салынғанын, солардың бұйрығымен өшірілгенін растаса, суретші бояудың сапалы болғанын, ешқандай жаңбырдың оған зақым келтіруі мүмкін еместігін айтты.

Айналайын атқамінерлер -ау, өтірік айтудың да жөні бар шығар? Мынадай мəселеде тиянақты тексеру қажет! Сіздер бүкіл қазақтың намысына тиіп отырсыздар!

Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде ұлтымның ұлы перзентінің суретін өшіруге бұйрық берген адамды жауапқа тартуды талап етемін! Жəне де журналист ретінде бұл мəселені соңына дейін жеткізгенше тоқтамайтынымды мəлімдеймін!


Арман Сқабылұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1056    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 07.06.2017, 10:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:54
    Бізде бәрі проект...
    17 Маусым, 13:55
    ШОУБИЗ ЖУРНАЛИСТ
    9 Мамыр, 12:09
    Серік Жанболат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30