Тіл - тас жарады...

Ұлы Отан соғысынан басқа соғыс Ұлы емес пе?

  • Ұлы Отан соғысынан басқа соғыс Ұлы емес пе?

    Ұлы Отан соғысынан басқа соғыс Ұлы емес пе?

Көп нәрсені көрші елден көшіріп алатынымыз өкінішті-ақ. Мысалы, «Бессмертный полк» шеруін алайық. О дүниелік болған ата-бабаларымыздың сурет-портретін төбемізге көтеріп алып жүру – біздің дін-ділімізге қаншалықты сай? Аруақ үшін ең абзалы – рухына Құран бағыштап, Ас беру емес пе еді? Діні мен ділі бөлек көрші елдің іс-қимылының бәрін қайталай беретін болсақ, күндердің күні «құрметтің жөні осы екен» деп саудыраған сүйектерді («святые мощи») әрі бері-тасып, көрініске қойып жүрмейміз бе?

Егер, шынымен де, батырлардың портреттерін шеруде алып жүру дұрыс болса, онда бұл құрмет неге тек Ұлы Отан соғысы деп аталып келген Екіншідүниежүзілік соғыс қатысушыларына ғана көрсетілуі тиіс? Қазақ тарихында Ресей империясының отарлаушылық саясатына қарсы 300ге тарта көтеріліс болған. Осы батырлардың есімін дәріптейтін шеру неге ұйымдастырылмайды? Кеңес Империясының қазаққа қас саясатына қарсы көтерілген ата-бабаларымыздың есімін ардақтайтын шеру ше? Әлде Ұлы Отан соғысынан басқа соғыс Ұлы емес пе, әлде қазақ халқының тарихындағы өзге соғыс-көтерілстердің қатысушыларының дәреже-мәртебесі 1939-1945 жылғы соғыс қатысушыларынан кем бе?


Нұрлан Сәдір

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1660    Пікірлер: 0

сенбі, 05.05.2018, 09:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31