Тіл - тас жарады...

Ұрпағымыз үшін күреспесек олар болашақта құл мен күң болады

  • Ұрпағымыз үшін күреспесек олар болашақта құл мен күң болады

    Ұрпағымыз үшін күреспесек олар болашақта құл мен күң болады

Əлеуметтік өмір


Қазақстанның кедей халқы орта тапқа ауысу үшін қанша жыл керек?(( 97% кедей халқыны көтеру үшін елдегі шетелдік инвесторлар Миттал, Машкеевич, Ким, Ни, Ибрагимов сияқтыларды елден қуу үшін якудза сияқты дəстүрлі барымта құрамыз ба? Не істеу керек? Инфрақұрылым көзін қалыптастыру үшін өз бандамыз бен ұлтшылдар салық комитеті біріге ала ма? Ал билікке сенуге болмайтынын уақыт өткен сайын дəлелдеуде. Өйткені түскен қазынаны елдің банкісінде емес шетелде сақтап келді. Кезінде дұрыс қадам жасамаған соң қазір де дұрыс қадам жасай алмайды. Ол ақшалар елге қайтуы екіталай. Қатқан нəрсе қатып қалады. Біз өз ұрпағымыз үшін меннен бастап күреспесек олар болашақта нағыз кедейге айналып, құл мен күң болады. Сосын түнгі клубта ақшаға шешінген қазақ қызы екеуі болса, алда екі мың болады. Тайланд пен Тайвань күліп, жезөкше мен транстар елі деп атасақ, ертеңгі күні біздің балаларымыз тура сондай болады. Мұқтаждық тəуелділік сондай қадамға апарады.

Бізде қазба байлық көп дейміз, мақтанамыз. Бірақ олардың ешқайсысы біздікі емес. Бізге де ұрпаққа да қалмайды. Оның қызығын тек инвесторлар мен ұрылар ғана көреді. Күні кеше табылған Каспий шеліфтің запас қордағы мұнайы көп болса да ол да бізге бұйырмайды. Бұйырмайтын себебі Атыраудың доссор елді мекені 1 ғасырдан аттам мұнай берді. Бірақ оның қызығын Ресей мемлекеті көрді. Мəскеуге құйылды. Қалаларына құйылды. Ал біз "сəбет одағы көзімізді ашты" деп еліреміз, оларды аңсаймыз. Иə көзді ашқаны сол жақсылап тұрып байлап берді емес пе? Осы парламенттегі адамдарың да сол сəбет идеологияның өнімдері. Олар да біздің көзімізді жақсылап тұрып байлады емес пе?(((

Қазақ жалқау деген өтірік ұранға сенгенше перғауындардан құтылатын уақыт келді. Əйтпесе сол перғауындарға пирамида салу үшін ұрпақтар пантеон жағалап, жүк арқалап кетеді. Ойбай құрыдық қаштық деген желеу ешкімге пайдасы тимесі анық. Бірақ күресу керек. Сол кедейшіліктен құтылу үшін терлеп күресу керек. Əйтпесе сол перғауындар тарихына біз де кіреміз. Отыз жыл ұйықтадық. Тағы отыз жыл ұйықтасақ өз қолымызбен өзгеге тізе бүгіп бере салғанмен тең. Біз баюымыз керек. Біз көтерілуіміз керек. Арақ марақ шиша миша шегу тігу тастап, дұрыстап жұмыс жасайтын уақыт келді. Бұл елдің азабынан құтылу үшін орыс тілі құтқармайды. Біз өзімізден бастап ағылшын тілін көбірек үйренуге ниеттенсек көп мағлұмат жинап, өзің түсіне алатын бизнес ниша табармыз бəлки.


Anar Satay

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1415    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 27.12.2017, 10:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31