Тілім – тағдырым!

Дамытудың, қолдаудың, үйренудің - мағынасы!

  • Дамытудың, қолдаудың, үйренудің - мағынасы!

    Дамытудың, қолдаудың, үйренудің - мағынасы!

Технологиялық үдерістің жылдам қарқынмен дамуы және әлем экономикасының жаһандануы қазір барша дүниеге жаңа өзгерістер мен тың талаптар әкеліп отыр. Ең ғажабы, жаңа талап қойылмайтын сала жоқ қазір. Бәріне де қатысы бар. Бұл өзгерістер әріресе тіл саласын ерекше қамтып отыр. Өйткені, жаһандану қарым-қатынас жасау деген сөз. Ал тіл – сол қарым-қатынас жасаудың ең негізгі құралы. Міне, осының басым бағытқа айналдыра білген Малайзия, Сингапур сияқты елдер қазір даму жөнінен алдыңғы қатарда тұр. Бұл үрдіс қазір дамушы елдердің біразына үлгі болып отыр. Қазақ елі де заманауи талаптардан шет қалып отырған жоқ. «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек» деп атап өтті Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында. Әлем елдерімен тығыз байланысқа түскендіктен ағылшын тілін игеру біздің халқымыз үшін басты қажеттердің біріне айналып отыр. Әсіресе, бүгінгі жас ұрпақ жақсы түсінеді. Себебі, халықаралық стандарттармен білім алу, өзге ел жастарымен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Таным шекарасын кеңейтеді, жер шарының қай бұрышында жүрсе де ақпарат алуға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, өз елінің құндылықтарын әлемге насихаттауға жеңілдік береді. Еліміздегі мектеп реформасын жетілдірген үш тілді білім беру шарасының көздегені осы, бұл жаһандануға бейімделудің бірегей жолы екеніне сөз жоқ. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде білім алу бағдарламасы, Назарбаев зияткерлік мектептері, бірнеше жоғары оқу орындарына енгізілген заманауи білім стандарттары, сол әлем халықтарымен етене байланысқа ұмтылыстан туған нақты шаралар.



Ендігі міндет – осы ұстаным мен осы межені тереңдете түсу. Міне сондықтан да Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында осы мақсаттағы міндеттер нақты көрсетілген. Атап айтқанда, басты салмақтің бірі тіл орталықтарына жүктелген. Олардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тілдерін үйрету бойынша орталықтардың үлесі 2020 жылға қарай 100 пайызға жетуі керек екен. Сол кезде, яғни 2020 жылы республикадағы үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 20 пайызға өсетін көрінеді. Сонымен қатар, осы мемлекеттік бағдарлама үш тілді дамытудың оқу орындарындағы міндетін де белгілеп беріп отыр. «Қазақстандықтардың лексикалық капиталының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі шет тілдері болып табылады... Осы міндеттің аясында шет тілдерін оқыту процесінің ауқымды білім беру кеңістігін сақтау көзделіп отыр.... Осы бағыт шеңберінде үштілді білім беру идеясын насихаттауға және ынталандыруға бағытталған арнайы іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс көзделген.... Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарындағы үштілді білім беру және тәрбиелеу қызметіне арналған әдістемелік материалдарды әзірлеу және шығару да көзделген». Бұл күндері білім ордаларында ағылшын тілін тереңдетіп отытуға айрықша мән беріліп жатыр. «Үштұғырлы тіл» тұжырымдамасы дүниеге келді. Бұның бәрінің астарында қазақ жастарын әлемдік бәсекеге қабылетті етіп тәрбиелеу ұстанымы бар. Иә, рас, қазақ тілі білім беру мен қарым-қатынас жасаудың басты құралы ретінде мемлекеттік тіл биігінде бола береді. Ол мемлекеттегі баршы ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырушы. Ол өзге дамыған елдердің тілімен қатар дами отырып, өзге де кең тараған тілдермен терезесі тең деңгейге жетеді. Бұл тілді дамытудағы заманауи тенденцияның бірі. Тең қолданылған кезде тілдердің өресі де теңеседі. Бұрынырақ дамыған тіл екіншісіне әлемдік ғылым мен мәдениетке ашылған терезе сияқты болады. Осылай бірте-бірте сатылап дами отырып қазақ тілі еліміздегі жетекші тілге айналады. Үштұғырлы тіл дамуын тұжырымдаушы ғалымдар осындай заманауи ұстанымға келіп отыр. Орыс тілінің қазақ еліндегі орны түсінікті. Біз әлемдік ғылым мен мәдениетке осы тіл арқылы жол тауып келдік. Оның өзіндік орны болды және әлі де бар. Оның прогрессивті ролін жоққа шығарған болмайды. Оның үстіне ұлтаралық қатынас осы тілде өрбіп келеді. Ондай коммуникативтік ролін жоққа шығаруға болмайды. Сол «Үштұғырлы тіл» идеясының ажырамас бөлігі әрине ағылшын тілі. Ол инновация тілі, ғылым тілі. Бұл күндері бүкіл әлемдегі инновациялық ақпараттың 90 пайызы ағылшын тілінде таралады екен. Ғылыми жаңалықтар ағылшын тілінде жасалады. Ағылшын тілі әлемдік капиталдың, экономиканың, саясаттың тіліне айналды. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде әлемдік тілмен бірге дамыту бізге ұтылыс әкелмейтіні анық. Қорыта айтқанда, мемлекеттік тілді - дамытамыз, орыс тілін – қолдаймыз, ағылшын тілін – үйренеміз деу, бүгінгі тіл ұстанымын дәл көрсетеді. Біздіңде бұл бүгінгі заман талабына лайық, дамуға серпіліс беретін дұрыс жол екені анық. Оған бүгінгі дамыған елдер тәрірибесі мен жетістігі куә. Бұл қазір ақиқатқа айналған дерек.


С. Ақынжанов




Көрілген: 152    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.06.2018, 16:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30