Тілім – тағдырым!

Латын қарпі терминологияға қандай тыныс береді?

  • Латын қарпі терминологияға қандай тыныс береді?

    Латын қарпі терминологияға қандай тыныс береді?

Біз әлемдік өркениеттер көшіндегі өз орнымызды іздеу үстіндеміз. Бұл әрине ғасырлар бойы үзілмейтін үдеріс. Латын әліпбиін негізгі алфавит ретінде қалап алуымыз соның айқын дәлелі. Енді сол латын әліпбиін қазақ тіліне бейімдеу мәселесінің тууы да соның заңды жалғасы деп білуіміз қажет. Терминология - тіл ғылымының үлкен бір саласы. Және бұл өзгеріске бейім, ғылыми тұжырымға кейде бағына бермейтін және қажеттілігі күн санап өсе беретін өте «жанды» дүние. Мұны кешеуілдетуге болмайды қазір. Олай дейтініміз бұған дейін қазақ тіліндегі терминдер орыс тілінің негізінде жасалып келді. Латын қарпіне өткен соң оның заңдылықтары бұзылатыны анық. Енді қазақ тіліне енгізілетін терминдер қандай заңдылықтарға арқа сүйеуі керек? Кейбір терминдер бірнеше мағына береді. Кейбірінің мағынасы бір болғанмен, айтылуы, жазылуы басқа. Ең қарапайым, «километр» деген сөздің өзін иә термин, иә басқа екенін негіздеп бере алмай жүрміз. Қазақша баламасы «шақырым». Бірақ, ол әдеби лексиконда ғана. Ресми құжаттарда ол километр болып жүр. Мұндай жартыкеш дүниелер қазақ тілін жұтата ма, әлде байыта ма? Бұл ғана емес, жаңадан енген сөздерді, ұғымдарды қайтеміз? Экономикада «диверсификация» деген ұғым бар. Оны «әртараптандыру» деп аударып алдық. Бірақ, бұл сөз диверсификацияның мағынасын дәл бере ме? Бұрын сөзжасамда біз орыс тілінің ықпалымен, көп терминді ция жалғауымен бітіретін едік. Электрификация, генерация, модификация деген сияқты. Енді латын қарпін енгізген кезде қандай «цияға» сүйенеміз? Терминология саласының міндеттері бұрын да аз болмаған. Енді мүлде жаңа ұстанымдар түзуге тура келетін шығар? Міне, Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасында терминжасамға байланысты міндеттердің өзін бір түйіп өтейікші.

«Терминологиялық лексиконы біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру жөніндегі міндет өте өзекті болып саналады».

« Қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі жаңа талаптарды әзірлеу, терминдерді және атауларды негізгі қағидаларға, қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру жұмыстары қажетті шаралар болып есептеледі».

«Терминологиялық қорды жаңа терминдермен жаңарту тілдік тарихи мұраны қайта жаңғыртуды, сондай-ақ терминтану мен терминография жөніндегі арнайы жұмыстарды жүргізуді талап етеді».

« Сондай-ақ үздіксіз тілдік өзгерістер процесін тіркеп отыратын, тілдің лексикалық және грамматикалық құрылысын сипаттайтын жүйе құру қажеттілігі де өте өзекті болып табылады».

Бұл мемлекеттік бағдарламадағы терминология саласына жүктелген міндеттердің бір парасы ғана. Енді бұған латинизацияны, латын қарпіне негіздеу міндетін қосатын болсақ, тіл ғылымындағы істелуге тиіс жұмыстардың мөлшерін бағамдай беруге болады. Бұл бір ғана «Терминжасам қағи¬даттары және ұлттық терминоло¬гия мә¬селелері» атты респуб¬ли¬калық ғы¬лыми-теориялық конференциядан түйген ойлар. Бұл конференцияны Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді да¬мы¬ту¬ және қоғамдық-саяси жұ¬мыс комитетінің тапсырмасы бо¬йынша Ш.Шаяхметов атын¬¬дағы тілдерді дамытудың рес¬публикалық үйлестіру-әдіс¬темелік орталығы өткізген болатын. Жиынға фи¬ло¬логия ғылымдарының доктор-лары Шерубай Құрман¬бай¬ұлы мен Сарқыт Әлісжан, сол сияқты салалық терминология мамандары Мұхамбедия Ахметов, Сәбира Исақова, Сәр¬сен Құлманов, Бауыр¬жан Жөн¬ке¬шов және басқа да ғалым-зерттеушілер қатысты. Бәрі де терминжасамға байланысты ойларын ортаға салып, осы саланы дамытуға қажет ұсыныстарымен бөлісті. Сөйтіп, жиын соңында аталмыш мәселеге байланысты қарар қабылдады. Ол қарардағы негізгі ұстанымдарды былай тұжырымдауға болады:

-терминжасам алдымен қазақ тілінің сөз қоры байлығын сарқа пайдалануға негізделуі керек;

-өзге тілдерден енген сөздердің қазақ тіліндегі баламасы табылмайтын болса, тілдің дыбыстық табиғатына сәйкестендіріп алу керек;

-жаңа ұғымдар мен терминдерді қабылдар кезде орыс тілінің делдалдық ролінен ысырып қойып, шет тіліндегі түпнұсқаға сүйену;

-шет тілден енген тенминдерді ең алдымен қазақ тілінің фономорфологиялық ерекшелігіне бағындыру;

Міне, еліміздегі термионология саласының мүйізі қарағайдай мықты ғалымдарының ұстанымы осындай. Біздіңше, өте дұрыс. Мұндай жанашырлық болмаса, ұлттың ғасырлар бойы жасаған ең үлкен байлығы замана бәйгесінде шаң қауып қалуы әбден мүмкін.


С. Ақынжанов





Көрілген: 1017    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.06.2018, 12:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31