Тілім – тағдырым!

Павлодарда тіл үйрету жобасының ашылу салтанаты болды

  • Павлодарда тіл үйрету жобасының ашылу салтанаты болды

    Павлодарда тіл үйрету жобасының ашылу салтанаты болды

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған «Тілдік келісім» жобасының ашылу салтанаты болды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Бұл жобаның ерекшелігі балаларға қазақ тілін үйрете отырып, жергілікті тарихты зерделеуге бейімделген өлкетану бойынша оқытудың жаңа форматы арқылы қолданылатын курстар жүргізіледі.


Тағы бір айта кетерлік ерекшелігі жобада халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеуде заманауи технологиялар қолданылады. Курс барысында интерактивті презентация, бейне материалдар, практикалық сабақтар, тренингтер, топпен жұмыс жасау тәсілдері жүргізіледі. Сонымен қатар, тыңдаушыларды қасиетті жерлерге, музейлерге, театрларға, әлеуметтік маңызы бар шараларға апару жағы да қарастырылған.


Тіл мен дәстүрді дәріптейтін шараға Павлодар қаласындағы және Кенжекөл ауылындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысып, білімдерін жетілдіре түседі. Курсқа қатысқан жас өскіндер қазақ тілін, дәстүрін жетік біліп, өзгелерге үлгі болары сөзсіз. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда өткізіліп отырған қазақ тілі курсының басты мақсаты қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, жастардың бойына тілге, елге құрметпен қарау қасиеттерін дарыта түсу болып отыр.

Еліміздің әр аймағында өткізіліп жатқан осындай игі шаралар көңіл қуантады. Өйткені Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында үйлесімді тілдік ортаны сақтау қажеттілігі тіл мәдениетін жетілдіру жөніндегі міндеттердің өзегіне айналып отырғаны сөзсіз екені айтылған. Аталмыш бағадарламада мемлекеттік тіл күнін ұйымдастыру және өткізу, түркі жазбаларына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру жұмыстары қажетті шаралар қатарына жататыны да нақты көрсетілген. Сондықтан да қазіргі таңда тіл мәселесіне айрықша мән беріліп, тілдің жайын күйттеген іс-шаралар көптеп өткізілуде.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 108    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 12:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30