Тілім – тағдырым!

Тіл бағдарламасының негізгі бағыттары мен міндеті

  • Тіл бағдарламасының негізгі бағыттары мен міндеті

    Тіл бағдарламасының негізгі бағыттары мен міндеті

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Елімізде тіл мәселесін сындарлы саясат барысында шешуге тиіс бұл бағдарламаны Қазақстан Республикасының Президентi 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекіткен болатын.

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты. Бағдарлама - ауқымы үлкен дүние, өте салмақты кешенді дүние. Сондықтан да оның негізгі бағыттары мен міндеттерін қысқаша түйіндеп көрсетуді жөн санап отырмыз:

• мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау;

• мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту;

• мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру;

• мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесін арттыру;

• мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;

• қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу;

• тiл мәдениетiн жетiлдiру;

• коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi;

• Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау;

• ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйрену


Қазақстанда Тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілуге тиіс:

• мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн («Қазтест» тапсырудың нәтижесi бойынша 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%);

• мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесiн (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);

• мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%);

• тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесiн (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);

• қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесiн (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);

• республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн (2020 жылға қарай - 90%);

• ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесiн (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);

• республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%);

• үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15 %-ға дейiн) ұлғайту.

Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған.

Берік Садықов




Көрілген: 105    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 10:38

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31