Ұлылар туған мекенді ұмытуымыз бекер-ді...

Ұлылар туған мекенді ұмытуымыз бекер-ді...

Бүгінгі ауыл – бұрынғы ауыл емес. Оның тұрмыс-тіршілігі де, әлеуметтік әлеуеті мен экономикалық ахуалы да басқа. Қазіргі ауыл – қазақылық қаймағы, ұлттық тәрбие мен өнегенің алтын бесігі ғана емес, тұтас мемлекеттің экономикалық дамуының күретамыры. «Малым – жанымның садағасы» деген бабамыздың бүгінгі ұрпағы «сиырды пұл» етіп, бизнесін үйлестіріп бағуда. Өйткені тоқсаныншы жылдар тоқырауында базары тарқап, ажары тайған ауылдың үрерге иті қалмағаны шындық. Ұстағанның қолы мен тістегеннің аузында кеткен сол ерен байлықты енді қайта қалпына келтіру қажеттілігі туып отыр. Бұл, біріншіден, ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; екіншіден, сырттан келетін импортқа тәуелділікті төмендету үшін керек.

Қолға тиген ресми дерек бойынша, соңғы алты жыл ішінде аймақта жалпы саны 131 елді мекен «қысқартуға» ұшыраған. Соңғы бір жылдың ішінде ғана 24 ауыл картадан сызылса, олардың 10-ы мүлде жойылған. Мәдениет саласындағылардың айтуынша, егер мемлекет арнайы бағдарлама қабылдап, қолға алмаса, танымал талантты тұлғалар мен Алаш арыстары туған ауылдардың да көз алдымызда келмеске кетуі әбден мүмкін.

Сәуле БӨРІБАЕВА, Қостанай облыстық мәдениет басқармасының бастығы:
– «Ұлылар туған мекен» деген сияқты ұранмен Алаштың арда ұлдары, атақты тұлғалары шыққан елді мекендерді сақтап қалу жағын қолға алу керек. Мысалы, жақында Шоқан Уәлиханов туған Күнтиместе болдым. 200-дей жан қалыпты. Шоқан су ішкен құдық, Шыңғыс мінажат еткен мешіттің орны ғана қалған. Ол аз десеңіз, Таран ауданында Бейімбет Майлин туған Ақтөбе ауылы бар. Кезінде Майлиннің 100 жылдығында әр совхоз салған қаншама сәулетті үйлер қазір қаңырап тұр. Жұрт жан-жаққа көшіп, киелі бесік иесіз қалудың алдында тұрған жайы бар. Ахмет туған Ақкөл ше? Қазақ журналистикасының қарлығашы, «Айқапты» ашқан Мұхамеджан Сералин туған Қарабалық ауданындағы Өрнек ауылының да өмірі қыл үстінде. Осындай ұлыларымыздың кіндік қаны тамған жерді келешек жас ұрпаққа үлгі ету үшін сондай тарихы тереңде жатқан жерлер тіршілігін жандандыру керек. Әйтпесе күні ертең сипарға орнын таба алмай, опық жеп қалуымыз әбден мүмкін.

Қазір Қостанай облысында 657 елді мекен бар. Бұлардың бәрінің де қағанағы қарқ, сағанағы сарқ деу артық. Тірлігі шатқаяқтаған шағын ауылдардан екі қолға ермек таба алмай, қала жағалаған қарапайым елдің қатары сирейтін емес. Осының өзі халықты жұмыс орнымен қамтамасыз етудің ең ұтымды жолы – ауылды көтеру екенін көрсетсе керек. Ащы да болса ақиқаты – қазіргі ауылдардың дені жеке шаруалар мен кәсіпорындар арқасында ғана аш өзегіне талғажау тауып отыр. Мектебі жылусыз, мәдениет үйі жарықсыз қалса да, алдымен жүгіретін – солар. Ауылға жас кадрлар тартуда да ауылшаруашылық кәсіпорындарының зор үлес қосып отырғаны шындық. Бірақ «судың да сұрауы бар» демекші, тиын санап отырған бизнестегілер «қамқорлық» көрсете берудің де қиынға соғып бара жатқанын жасырмайды.

Насыр АЛАШБАЕВ, «Алаш» агрофирмасы» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты:
– Ауылдан аянбайсың ғой, бірақ соған үнемі мүмкіндік бола бермейді. Өзіңіз де жақсы білесіз, өткен жылы өсірген өнімімізді өткізе алмай сорлап қалдық. Бидай бағасы арзымас ақшаға баланып, ерте көктемнен қара күзге дейін жер емген шаруа қауымның төккен тері мен салған инвестициясы күткен жемісін бере алмады. Ал лизингі мен несиесі бар диқан әлеуметтік салаға қайдан қаржы салсын. Мысалы, көктемгі дала жұмыстарына деп Үкімет жеңілдікпен бөлген жанар-жағармайды толық ала алмай жатқандар бар. Себебі оларға банк кепілдік бермесе, корпорация субсидия бөлмейді. Банк дегеніңіз істі созып, талайдың талқанын тауысып бітті. Есесіне, операторлар «мамырға дейін алып үлгермесеңдер бағаны көтереміз» деп отыр. Енді есептеңіз, литрін 62 теңгеден алатын арзан жанармай бұйырмай, қымбат алып, қалтасы қағылатын шаруадан қандай көмек күтуге болады? Ал ауылды көтереміз, тұрақтылықты қалыптастырамыз десек, соларға көмек жасау арқылы ауылға жағдай туғызу керек. Мысалы, біздің ұжым 20 жыл ішінде 140 баланы өз есебінен оқытып, бүгінде олар ауыл, аудан көлемінде еңбек етіп жатыр. Әр апта сайын аудан орталығында өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесінде сиыр етінің әр келісін 500-600 теңгеден сатамыз. Базар мен дүкендерде 800-ден төмен баға жоқ. Мақсат – пайда көру емес, елге сәл де болса жеңілдік жасау арқылы олардың туған жерінен көшпей, атақонысында тамыр жаюына мүмкіндік беру.

Сайран БҰҚАНОВ, Қазақстанның Еңбек Ері:
– Өзіміз туып, өсіп-өнген ауылға қолдан келген көмектен тарылған емеспіз. Халықты дәл қазір қинап отырған мәселе – инфрақұрылым. Атағы дардай болғанмен, нәтижесі қылдай. «Ауызсу» бағдарламасы – соның дәлелі. Көп жерде ел әлі күнге дейін санитарлық сапасы жоғары ауызсу тұрмақ, бет жуар батпақты көлдің өзінен қағылған. Жолдың жыры да – бір хикая. Облыстың солтүстік аумағындағы халық көгілдір отынсыз күн көруде. Сосын елдегі ағайынның негізгі күнкөрісі – мал. Тоқсаныншы жылдардағы тоқыраудан аман қалған мал қазір халыққа бақ емес, сор болып отыр деуге болады. Жайылымдық жерлердің аздығын былай қойғанда, жем-шөбінің өзі удай қымбат. Кеткен шығынын жаба алмайтын малды ел баға алмайтын жағдайда дегенім – осы. Осыны сараптай келе, бұл мәселені шешуге  мемлекеттік арнайы бағдарлама жасау керек дер едім.

Айналып келгенде, ауылдың ауқатын арттырып, әлеуетін көтеру үшін бірінші кезекте ауылшаруашылық өндірісін жолға қою қажеттілігі туып отыр. Бұл – Елбасы Жолдауындағы айтулы алты бағыттың бірі. Әрі «Үштік Одақта» үлесімізді арттырады деген үмітіміз.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста