Ұлу жылына болжам

Ұлу жылына болжам

Қоян жылын шығарып салып, жаңа  ұлу жылына аяқ басқалы отырмыз. Қоян жылы Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында өзіндік өрнек өруімен есте қалған жыл болды. Өткен жыл адамзат өмірінде есте қалатындай ірілі-ұсақты оқиғалар мен тосын жағдайлардан да тыс қалған жоқ. Енді ұлу жылында адамзатты не күтіп тұр? Негізі, ата-бабаларымыз ұлу суда тіршілік ететін болғандықтан, бұл жылы астық, шөп мол болады деп, жайлы жыл санайды. Алайда еліміздің сәуегейлері ұлу жылы жайлы қандай болжам айтар екен?
Айсұлу ӘМЗЕЕВА, Қазақстанның құрметті кәсіби халық емшісі, жауырыншы:
– Негізі, ұлу деген – табиғатынан момын жәндік. Ол ешкімге беталды тиіспейді. Өзімен-өзі, ешкімге зияны да, пайдасы да жоқ жәндік. Менің болжауымша, келер жыл халық үшін қолайлы болмақ. Көптеген кедер­гіні қиындықсыз жеңіп шығамыз. Ұлу суда тіршілік ететін жәндік бол­ғандықтан, жауын-шашын жиі жауып, жеміс-жидек, егін бітік шығады. Оны­мен қоса, өмірге сәбилер көп келіп, демографиялық ахуалымыз жақсара түседі. «Ақырзаман болады, жер бетінен адамзат қауымы жоға­лады екен» деген қауесеттің барлығы шындыққа жанаспайды. 2000 жылдан бері осы әңгіме көтеріліп келе жатыр, бірақ әлі күнге дейін жер басып жүрміз ғой. Сондықтан өйтіп елді дүрліктіріп, халықтың үрейін ұшыруға болмайды. Мемлекетімізге сырттан да, іштен де келер қауіпті көріп тұрған жоқпын. Лаңкестік оқи­ғалар, түрлі әлеуметтік көтерілістер бола қоймайды. Мем­лекет басшы­лары елдегі жағдайды мықтап ба­қылауға алып, елдің ты­ныштығы мен бей­бітшілігін, тұрақ­тылығын барынша қамтамасыз етеді. Сондықтан келер жылы халқымыз үшін жайлы бо­лады.

Мұхитдін қажы СЕЙДЕНОВ, көріпкел:
– Ұлу жылы еңбек еткен адамға жаман болмайды. Ақырзаман деген – бос сөз. Бірақ Үкіметте ауыс-түйістер орын алады. Менің болжамымша, Үкімет басшысының отставкаға кету қауіптілігі жоғары тұр. Ел арасына іріткі салушылар сәл көбейіп, ара-тұра дау-жанжалдар орын алуы мүмкін. Егер елдің тұтқасын ұстап отырған азаматтар аса ыждаһатты­лықпен, парасаттылықпен елдің бірлігі үшін жұмыс істейтін болса, онда мұндай қауіптерді сейілту аса қиын емес. Доллардың құны түсіп, ортақ ақша шығуы мүмкін. Ол кезде қиындықтар орын алмас үшін біз соған дайын болуымыз керек. Жалпы, келер жылы аса қорқынышты қауіп-қатерлер болмайды. Қарыз, несие алудан бас тартып, еңбекпен табыс табуға ұмтылған дұрыс. Азық-түлік, тауар бағалары қымбаттайды. Бұл өз кезегінде ептеп түсінбеушіліктер туындатуы мүмкін. Біз, ең бастысы, ауыл шаруашылығымызды дамытып, диқаншылыққа ерекше назар аударуымыз қажет.

Бекмұрат СЫРЛЫБАЕВ, құмалақшы:
– Негізі, мен құмалақты көп ашпаймын. Кейде жүрекпен сезген уақытта ғана болжам жасайтын кездерім болады. Менің болжауымша, келесі жылдың көктемінің алдыңғы айларында оңтүстік немесе шығыс өңірлерінде бір-екі жер сілкінісі болуы мүмкін. Аса қатты емес, кішкене жер­асты дүмпуі сезіледі. Бірақ келер жылы су көп болып, егін бітік шығады. Жер еміп жүрген диқан-егіншілердің ырзық-несібесі мол болады. Бірақ адамдардың бір-біріне мейір-ша­пағаты азайып тұр. Есесіне, бірін-бірі алдау-арбау көп болады. Егер адам­дар шектен шықса, Алла тағала өзінің белгісін көрсетіп, тосын жағдайлар орын алады. Бірақ ақырзаман бол­майды. Өйткені ақырзаманның бел­гілері әлі толық келген жоқ. Тек ескерту ғана бар. Келесі жылы әлемдік дағ­дарыс орын алғанымен, ол бізде жеңіл көрініс табады. Себебі біздің қорымыз бар, жеріміз кең, бай­лы­ғымыз мол. Сондықтан халық бұл дағдарыстан да қиындықсыз өтеді. Үкіметте ұсақ-түйек ауыс-түйістер болғанымен, көп шенеунік өз орнында қалады. Негізі, бізге керегі – тек ты­ныш­­тық. Лайым алдағы жылы елімізде тыныштық болып, халқымыз бейбіт те берекелі ғұмыр кешсін деп тілеймін.

Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВ, жұлдызшы:
– Қазақстан үшін 2012 жыл жайлы болады. Бірақ біз ешқашан да Алланы ұмытпауымыз керек. Егер ұмытсақ, қаһарына ұшыраймыз. Сондықтан біз дұрыс өмір сүріп, қоғамдағы келең­сіздіктерді тыюға атсалысуымыз қажет. Биыл тағы да егін бітік шығады. Бірақ оны дер кезінде жинап алудың қамын бүгіннен ойластыруымыз керек. Әйтпесе ол да қар астында қалып, рәсуа болады. Сәуір және шілде айларында лаңкестік оқиғалар орын алуы мүмкін. Осы кезде өте сақ болуымыз керек. Одан кейін қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір айларының басы мен аяғында күн өте суық болады. Сәуірдің 21-22 күндері оңтүстік өңірде қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ Қытайда, АҚШ-та табиғи апаттар күшейеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста