Туризм индустриясы

Ақмола облысындағы 10 нысан киелi жерлердің республикалық тiзiмiне енді

  • Ақмола облысындағы 10 нысан киелi жерлердің республикалық тiзiмiне енді

    Ақмола облысындағы 10 нысан киелi жерлердің республикалық тiзiмiне енді

Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин өңірдегі туризмнің жайы-күйі, дамуы, жоспары, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен айтып өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Облыс бойынша бiр жыл iшiнде жалпы құны 10,2 млрд. теңгеге 117 жоба iске асырылды. Өңiрдегi рухани құндылықтарды насихаттау мен сақтап қалу мақсатында үлкен жұмыс атқарылды. Мысалы, «Рухани қазына» кiшi бағдарлама шеңберiнде республикалық жобалар реестрiне 97 әлеуметтiк-мәдени және инфрақұрылымдық жобалар ендi. 2017 жылы 298 млн.теңгеге 42 жоба жүзеге асты. Ағымдағы жылда 56 жобалар бастама алды.

Осы бағыттағы басты нәтижелердiң бiрi Ақмола облысындағы 10 нысанның «100 киелi жер» республикалық тiзiмiне енгiзiлгенi деп айтуға болады. Олар Құмай археологиялық-этнографиялық кешенi, Абылай хан алаңы, Кенесары үңiгiрi, Батығай кесенесi, Оқжетпес тауы, Қабанбай батыр мазар-кесенесi, «Беспақыр» және Баубек батыр кесенелерi. Бүгiнде бұл нысандар жалпыұлттық игiлiкке айналған.

QR кодтар — заманауи технологиялар көмегiмен киелi нысандар туралы ақпаратты цифрландыру бойынша «Ескерткiштер сыр шертедi» атты жоба iске асырылып жатыр.

Атап өтсек, бiрқатар аудандардағы мәдени нысандарда жерлес демеушiлердiң қолдауымен жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, материалды-техникалық базасын жаңарту жөнiндегi мәселелер шешiлдi. Жалпы, бiр жыл iшiнде меценаттармен 150,8 млн. теңге көлемiнде қолдау көрсетiлдi.

Облыс аумағында Ботай мәдениетiн дамыту және насихаттау мақсатында Бурабай ауданында «Визит Центр «Ботай» археологиялық-этнографиялық кешенiнiң ашық аспан астындағы мұражайын құру жоспарланып отыр.

«Атамекен» кiшi бағдарламасы аясында Ақмола облысында бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және коммуналдық шаруашылық салаларында жалпы құны 5,2 млрд. теңгенi құрайтын 59 әлеуметтiк жобалар iске асты. 14 жаңа әлеуметтiк нысандар салынды.

Қорғалжын ауданында елiмiздiң 80% астам құс түрлерi ұсынылған. Дәл осы жерде республикадағы алғашқы аймақтық орнитологиялық орталық ашылды. Бұл жобаны кәсiпкер Түспекова Құралай 53,5 млн. теңгеге түгелдей қаржыландырған және бастамашылық еткен. Маусым айынан бастап алғашқы мектеп экспедициялары басталады. Сонымен қатар, осы жылы орталық базасында жалпы құны 25 млн. теңгеге зертхананың, төрт бақылау пунктiлерiнiң ашылуы, спорттық орнитология фестивалiн өткiзу, кешендi ғылыми-танушылық орнитологиялық iс-шараларды өткiзу жоспарланып отыр.

«Қазақстандықтарды өз кiшi отанын сүюге, щыққан тегiн, мәдениетiн және халқының салт-дәстүрлерiн бiлуге шақыратын «Туған жер» арнайы жобасы аясында Қорғалжын ауданыда «Балтабек» туристiк кешенi ашылды. Мұнда туристерге атпен серуендеуге және Тазы мен Төбет асыл тұқымды иттердiң сүйемелдеуiмен аңшылыққа шығу ұсынылған», — деп өңiр басшысы атап өттi.

Ағымдағы жылы тағы да 30 әлеуметтiк жобалар бастау алады. Мысалы, Целиноград ауданында жергiлiктi тумалардың бастамашылығымен шамамен 2 млрд. теңге көлемiнде 2 жаңа мектеп пен 2 балабақшаның құрылысы ұсынылды.

«Жалпы, Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүйелi жұмыс құрылды. Өңiрiмiздiң өз құндылықтары, ерекшелiктерi бар, ал ең бастысы рухани құндылықтарды қалыптастыру арқылы патриотизм танытатын адамдар бар», — деп облыс әкiмi қорытындылады.


 




Көрілген: 195    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 23:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31