Алматыда тау туризмін дамыту қолға алынды

Алматыда тау туризмін дамыту қолға алынды

Алматы қаласында тау туризмін дамыту үшін жоспар жасалды. Бұл туралы мегаполисте «Туризмді дамытудың 100 қадамы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өткен жиында айтылды. Кеңеске қала әкімі Бауыржан Байбек және шаһардың жетекші туроператорлары қатысты, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

«Туристік ақпараттық орталығы» ЖШС-мен бірге Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы шаһардың туристік нысандарын саралап шықты. Осындай жұмыстардың қорытындысына сүйене отырып туризм және сыртқы байланыс басқарамасы «Туризмді дамытудың 100 қадамы» бағдарламасын жасақтаған екен. Жобада бұл бағдарламаны іске асырудың жолдары да қарастырылған.

Сонымен қатар аталған кеңесте соңғы үш жылдың көлемінде қалаға келуші шетелдік туристер санының артқаны  айтылды. Тек биылғы жылдың алғашқы айларынының өзінде Алматыға келуші шет елдіктердің саны 130 мыңнан асыпты. Олардың көбі Индия мен Ресейден, ҚХР-дан, Түркиядан, АҚШ пен ГФР-дан, Оңтүстік Кореядан келген екен. Жылдың соңына дейін келушілер саны бұданда арта түсседі деп күтілуде.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсел Жүнісованың айтуына қарағанда бүгінгі таңда Алматының жалпы өңірлік табысында туризмнің үлесі небәрі 1,5% ғана екен. Сондықтан мегаполистің туристік әлеуетін арттыру мақсатында қала агломерациясының тау туризмі бойынша шеберлік - жоспары жасалыпты. Оған қала маңындағы Медеу, Шымбұлақ, Алматау және Бутаковка сияқты орындар енген. Үстіміздегі жылы әлемдік деңгейдегі Kempinski және Novotel отелдерінің және түрлі бутик-отельдер мен хостелдердің құрылыстарын аяқтау да жоспарланған.
– Осы жылдың соңына дейін он төрт халықаралық агенттік үшін БҰҰ-ның өңірлік ХАБ-ы ашылады. Париждің, Стамбулдың, Бангкоктың тәжірибесінен байқағанымыздай осындай іс-шаралар шетелдік туристердің келуін көбейтіп, қаламыздың халықаралық деңгейдегі танымалдылығын одан ары арттыра түсетінің көрсетіп отыр, - дейді Әсел Жүнісова.
Қала әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев сөз кезегінде мегаполистің көлік тораптары да модернизацияланып жатқанын атап өтті. Алдымен «Сайран» автовокзалы заман талабына сай қайта жөндеуден өтіп, жан-жақтан, яғни басқа қалалардан келетін және халықаралық рейстер осы жерге тоқтамақ. Ғимараттың кіре берісі қайта жасалып, автобустар, таксилер тоқтайтын орын кеңейтілмек. Жалпы айтқанда келушілерге ыңғайлы барлық жағдай жасалмақ.
Кеңес отырысында туризмді дамыта түсу үшін шетелдік туристерге виза беру және олардың қала туралы ақпарат алу жағын жеңілдету жағы да айтылып өтті.
Келелі жиында туризмді дамыту үшін қажетті барлық мәселелер талқыланды. Кеңесте айтылған мәселелер іске асқаннан кейін әсем қала Алматы бұрынғыдан да жаңғырып, жаңарып туристердің қызығушылығын одан ары арттыра түсетініне кәміл сендік.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста