Туризм индустриясы

Туристер үшін Ұлытауға бару жеңілдеді

  • Туристер үшін Ұлытауға бару жеңілдеді

    Туристер үшін Ұлытауға бару жеңілдеді

Орталық Қазақстанда орналасқан тарихи ескерткіштерге туристердің баруына үлкен мүмкіндік жасалынбақ. Олай деуіміздің себебі биыл өңірдегі қасиетті орындарға баратын  жолдарды жасау үшін 2,7 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген екен. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты өткен брифингте айтып өтті.


Арқа төсіндегі аймақтық картаға жергілікті маңызы бар 43 қасиетті нысан мен бірге 21 жалпы ұлттық нысан енгізіліпті. Ал барлығын санамалап шықсақ облыста жалпы саны 2700 тарихи және мәдени ескерткіштер бар екен. Осыншама тарихи орындары бар мекен нағыз туристерді қызықтыратын аймақ деуге болады.


Өңір басшысы өз сөзінде «Қасиетті Қазақстан» арнайы жобасы атамекеннің қадірін біліп, туған жерге тағзым етуге мүмкіндік жасалып, адамға рухани күш беретіндей жоба екенін де баса айтты. Сонымен қатар ерте кезден-ақ Қарағанды индустриализация, шахталар, Карлагпен ассоциациялатын аймақ болғанын, осы таптаурын пікірді бұзғысы келетінін айтта келіп. "Қарағанды облысы Ұлытаудың арқасында Қазақ мемлекеттілігінің бесігі деген дәрежені иеленгенін қалаймыз", - деді Ерлан Қошанов.   


Былтыр Қарағанды-Жезқазған автожолының жөндеуі басталып, биыл аяқталыпты. Бұл Ұлытау ауданына барушыларды жол қиындығынан құтқарады десек болады. Сондықтан биыл өңірге келетін туристердің қарасы бұрынғыдан да арта түседі деп күтілуде.


Тағы бір қуантарлық жайт Алаша хан мен Жошы ханның кесенелеріне, жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын Хан ордасы мен Алтын Шоқы жеріне алып батарын жолдарды жөндеу басталыпты. Бұған 2,7 млрд теңге қаржы бөлінген екен. 


–  Қасиетті жерлерге дейін баратын жолдарды салуға 5 млрд теңгеден астам қаражат қажет. Біз сол жұмыстарды алдағы уақытта атқаруымыз керек, - дейді әкім.


Аймақтың туристік инфрақұрылымын жақсарту үшін визит-орталық салу жоспарланып, қолға алынбақ. Егер бұл жоба іске асса облыстағы  түрлі  бағыттарға жасалатын саяхаттарға алдын-ала тапсырыс беріп, туристік бағыттарды анықтап, мәлімет алуға мүмкіндік болады. 


Міне Қарағанды өңірінде туризмді дамыту үшін атқарылған жұмыстар көңіл көншітерліктей. Еліміздегі 2023 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың бекітілген тұжырымдамасы іске асып жатқанына осындай  істер арқылы көз жеткізуге болады.


 


Нұрлы Еділов




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.06.2018, 05:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31