Егер мен Президент болсам...

Егер мен Президент болсам...

                                    С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)

Бақтияр ҒАББАСОВ, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Жалпақтал ауылындағы орта мектептің дайындық сыныбының оқушысы:
– Мен өскенде президент болғым келеді. Онда мен, ең бірінші, самолетке мініп Астанаға барамын. Өзіммен бірге мамамды, інімді, Алек апаны, Рахмантайды, ата мен әжені бәрін алып кетер едім. Президент болсам, доғдыр болып атаны емдеймін. Көке­нікін­дей ішінде кө-ө-өп ойыны бар телефон сатып аламын. Бөпелерді күнде «Мегаға» апарып ойнатамын.

Әрсен ҚАМБАРБЕК, Атырау қаласы №15 «Балбөбек» балабақшасының тәрбиеленушісі:
– Егер мен президент болсам ешкім ауырмас үшін көп аурухана салдырар едім. Барлық ескі балабақшалардың ішіне көп айна қойдырар едім. Президент болсам көп ауылды аралап, киімі жыртық адамдарға киім алып беремін.

Жасын НҰРЛАНҰЛЫ, Астана қаласы №38 мектептің 6 «б» сынып оқушысы:
– Көптеген адамдар президент болуды армандайды. Бірақ президент болу үшін әр сабақты, әр пәнді бәрінен жақсы білуің қажет. Мен президент болу қиын екенін білемін. Бірақ президент болсам, бірінші істейтінім: Африка құрлығындағы соғыстарды, әсіресе Ирак мемлекетіндегі соғысты тоқтауға тырысушы едім. Екінші, шетелдерде тұратын қазақтарды шақыртушы едім. Үшінші, Қазақстандағы ауылдық жерлерге су тартқызушы едім. Тағы бір мәселе – «Жаңалықтардан» көруімше, көп адам үй ала алмай жатыр екен, сондықтан үлкен үйлер салғызып, адамдарға таратқызушы едім.

Едіге БЕРІКҚАЗЫ, Астана қаласы №70 мектеп-лицейдің 1 «ғ» сынып оқушысы:
– Егер мен президент болсам достарыма көмектесер едім. Нұрхан мен Айдынға... Оларға ешкімді тиіскізбейтін едім. Сосын папама үлкен машина сатып алу үшін көп ақша беретін едім. Үйдегі теледидарды айырбастайтын едім. Кемеге отырар едім. Ешқашан кемеге отырған жоқпын ғой! Сосын күнде-күнде ыстық болып тұратын ел бар ғой, соған баратын едім.

Әмина МЕРЕКЕҚЫЗЫ, Астана қаласы №54 мектеп-лицейдің 2 «а» сынып оқушысы:
– Егер мен президент болсам адамдардың бақытты өмір сүргенін, ал балалардың ақылды әрі денсаулықтары мықты болғанын қалар едім. Ата-аналардың ақшасын көп қылып, аталар мен әжелерге көмектесемін. Сосын әр үйдің ауласында балалар ойнайтын үлкен аула, сырғанақ, бассейн салғызамын.

Президент түрлі елдерге барады. Президент елімізді қорғайды. Мен президент боламын!

Әнуар СӘТБАЕВ, Өскемендегі №1 қазақ орта мектебінің 7-сынып оқушысы:
– Егерде президент болсам еліміздегі пайдаланусыз бос жатқан жердің бәрін игеріп, экологияны жақсарту шараларын қолға алар едім.

Райлә ҚҰДАЙБЕРГЕН, Алматы қаласы №133 орта мектептің 1 «г» сынып оқушысы:
– Мен президент болсам далада шашылып жатқан қоқыстарды жинатқызар едім. Қатты жүретін машиналарды жүргіздірмей тастар едім. Сосын күнде бес алатындарға 50 теңге беремін.

Ақниет ЖАНДОСҚЫЗЫ, Алматы қаласы № 83 орта мектептің дайындық сыныбының оқушысы:
– Мен президент болсам апама күшті көйлек алып беремін. Ал әкеме «Джип» алып беремін. Өзіме қып-қызыл көйлек аламын. Қасымда отыратын Нұржанға кітап алып беремін. Оның кітабы жоқ қой. Паркте ойнайтын неше түрлі ойыншықтар қойғызамын.

Әлмира ЖАНАЙДАРҚЫЗЫ, Көкшетау қаласы «Нұрай» балабақшасының тәрбиеленушісі:
– Егер мен президент болсам Саятты «Арай» тобына жіберер едім. Ол мені күнде шымши береді. Ал қалған достарыма көп ойыншық алып берер едім, ата-аналарға «үйде көп болыңдар» деп айтар едім. Сосын адамдардың барлығына «Алланың нұры жаусын!» деп айтуды үйретер едім.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста