Алаш баласы, айнаңа қара!

дүйсенбі, 05.12.2016



Тұғыр

Не үшін журналист мамандығын таңдадыңыз?

Айша КЕҢЕСБАЙ, «Асыл арна» телеарнасының журналист редакторы:

– Ата-анам мен туысқандарым менің дәрігер болғаным­ды қалады. Ал өзім журналист болғым келді. Кейін ата-анам­ның қалауы жеңіп, медицина мамандығын таңдадым. Бірақ қандай да бір құдірет мені үнемі журналистика ма­ман­дығына тартты да тұрды. Қаншалықты ауыр болса да, журналистік мамандықтың өзіне тартатын құдіретті күші бар. Оның үстіне, барлық нәрсені білсем, көрсем деген қы­зы­ғушылық, құштарлықтан ақыры журналист болып шық­тым. Сондықтан не үшін журналист мамандығын таңдаға­ным­ды білмеймін, анық білетінім – журналистік мамандық­тың адамды еріксіз тартатын сиқырының бар екені.


Айнұр ШАМШЕЙТОВА, Қазақ радиосының әдеби бағдарламалар жүргізушісі:

– Студент кезімізде жатақханада шетелден келген қыздармен бірге тұрдым. Мен күндіз-түні Қазақ радиосын тыңдайтынмын. Қасымдағы қыздар да қай хабар қай уақытта шығатынын біліп алып, Қазақ радиосын тыңдайтын. Тілі бөлек, салты мен дәстүрі басқа қыздар біздің қазақ жұр­тының салт-дәстүрлеріне, Қазақ радиосының танымы мол хабарларына қызығатын. Ол кезде мен халықаралық қатынастар факультетінде оқитынмын. Уақыт өте келе Қазақ радиосы өзіне тартты да тұрды. Сонымен өзім ұнатқан мамандыққа қызметке баруды алдыма мақсат етіп қойдым. Оқуымды бітіріп, Алматыға келген соң қайтадан халық­аралық журналистика факультетіне құжаттарымды тапсыр­дым. Дипломды ала сала Қазақ радиосына бардым. Жала­қысына, басқасына қарамастан, тек өзім сүйетін қызметте істеуді мақсат еттім. Қазір алты жыл болыпты, сүйікті қыз­метімде жүргеніме. Ең алғаш эфирді «Қайырлы таңнан» бас­таған болатынмын, қазір «Әдеби-саз» редакциясында «За­мандас» бағдарламасын, «Әдебиет әлемі» радиосайы­сын, «Армандастар» жастар сағатын тікелей толқында жүр­гіземін.


Гүлжан РАХМАН, «Мәдениет» журналының тілшісі:

– Кішкентай кезімде қандай да бір әділетсіздік көрсем, «қайтсем де қоғамдағы әділетсіздіктерді әшкерелеп, жа­ман­дықты жоятын маман боламын» деп ойлайтынмын. Сөйтіп жүріп журналист мамандығын таңдадым. Қазір шамамыз­дың келгенінше қоғамымыздағы кемшін түсіп жатқан нәрселерді дер кезінде байқап, үн қатып, ұлттың жоғын жоқтауға тырысып жүрміз. Бірақ жоғары жақтан журна­лис­тердің үніне тіл қатып, соны іліп әкетіп, журналистердің жанайқайына құлақ түріп жатқан құзырлы орындардың жоқтығына қынжыламын.




Көрілген: 2287    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 28.06.2013, 11:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан 2013
    Арыстар аманаты ақталады
    6 Шілде 2012
    Астана – ең-ең...
    15 Желтоқсан 2011
    20 жылдық жылнама
    16 Желтоқсан 2010
    Рухты оятар ән қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2016
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31