Тәуелсіздік сізге не берді, сіз Тәуелсіздікке не бердіңіз?

Тәуелсіздік сізге не берді, сіз Тәуелсіздікке не бердіңіз?

Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, медицина ғылымының докторы, профессор:

– Тәуелсіздіктің маған және менің отбасыма бергені мол. Азаттық ал­май тұрған жылдары Жо­ғарғы Кеңеске де­пу­таттыққа түс­кен болатынмын. Сол кезде жергілікті би­ліктің тарапынан құқай көріп, мен депутаттыққа өтпедім. Қиянат ашық­тан-ашық жа­салды. Ал Тәуел­сіздік жылдарында менің Парламент депутаты атануыма мүмкіндік берілді. Кеңестік кезеңдегідей аяқ­тан шалу болған жоқ. Осы аралықта Президент сайлауына кандидат та болдым. Яғни демократияның жылы лебі есіп, саяси мүмкіндіктерімді жүзеге асыруға жол ашылды. Тәуелсіздік нарықтық экономиканы әкелді. Нарықтық қатынастар менің жеке бизнесімді жүргізуіме жағдай жасады. Алматы қаласында ең бірінші болып ақылы меди­циналық орталық ашқан болатынмын. Тәуелсіздіктің арқа­сында менің балаларым шетелдің мықты университеттерінде білім алды. КСРО кезінде бұл түсімізге де кірмейтін. Балала­рымның өзі де мектепті үздік бітірген болатын. Қазір қызым вице-министр қызметін атқарып отыр.
Мен Тәуелсіздікке не бердім? Мен депутаттық қызметті атқарып жүргенімде сайлаушыларымның түрлі проблемаларын шешуге атсалыстым. Талдықорғанда спорт сарайын салуға бюджеттен қаржы бөлінуіне ықпал еттім. Халықтың тегін медициналық көмек алуына күйім келгенше жәр­демдестім. Қазір Урология ғылыми-зерттеу институтын кеңейтуді көздеп, Алматыдан, Астанадан жер алып, іске кірісіп жатырмын. Астанада 700 адам қызмет істейтін меди­циналық-ақпараттық орталық аштым. Қазір, құдайға шүкір, халқымыз үшін, Тәуелсіз еліміз үшін жұмыс істеп жатыр.

Ерлан СЫДЫҚОВ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, профессор:

– Тәуелсіздіктің әрбір қазаққа бергені мол. Оның ішінде маған да азаттықтың сыйлағаны көп. Ғылым саласында қызмет істеп келе жатқаннан кейін осы сала туралы айта кетейін. Тәуел­сіздік Кеңес Одағы тыйым салған түрлі тақы­рып­тар­дың ғылыми негізде, терең зерттелуін қамта­масыз етті. Егер біз азаттық алмасақ, ұлттың тарихы, мәдениеті, тілі мен әдебиеті дәл қа­зіргідей зерттелмей қалар ма еді?! Кеңестік ке­зеңде «халық жауы» атан­ған Шәкерімге тереңірек үңілуіме мүм­кіндік берілді. Тәуел­сіздіктің арқасында тұтастай шәке­рім­танудың негізі қа­ланды. Бұл – қазақ үшін баға жетпес асыл қазына! Тәуел­сіздік менің ғалым ретінде зерттеп жүрген тақырыбымның аясын кеңейтті.
Мен саналы ғұмырымды ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатырмын. Жастармен тікелей жұмыс істеп келе жатқаныма да бірнеше жылдың жүзі болды. Менің Тәуелсіздікке бергенім сапалы мамандар даярлауға жұмсаған күш-жігерім шығар деп ойлаймын. Елдің ертеңі жастар дейтін болсақ, мемлекетіміздің гүлденуі жолында сол жастарды алдағы уақытта да тәрбиелеу ойымда бар.

Берекет КӘРІБАЕВ, тарих ғылымының докторы:

– Менің жоғары оқу орнын бітіруім еліміздің Тәуел­сіздік алуымен тұспа-тұс келді. Университетке жас мұғалім болып қабыл­данған мен кандидаттық диссертация жазуға бел будым. «Қазақ хандығының күшеюі» деген тақырыпты алғанымның өзі Тәуелсіз­діктің бізге не бергенін аң­ғартса керек. Мен сол тақырыпты терең зерттей келе, өз ана тілімде 1996 жы­лы кандидаттық диссертациямды сәтті қор­ғап шық­тым. Кеңес Одағы ке­зінде Қазақ хандығы туралы терең айтыла бермегенін білесіздер. Тәуелсіздіктің арқасында біз ұлтымыздың елдігін терең зерттеуге мүмкіндік алдық. Туған тілімде өз ұлтымның тарихын зерттеп, көпшіліктің назарына ұсынуым­ның бәрі азаттықтың берген несібесі деп білемін. Кейіннен докторлық диссертациямды қорғадым.
Менің ғылыми жұмыстарым ел игілігіне жарап жатса, ол менің елімнің ғылыми дамуына, халық санасын жаңғыртуға қосқан үлесім шығар. Тәуелсіз Қазақстанның жастары Қазақ хандығына қатысты дүниелерді менің зерттеуімнен алып жатса, ол менің осы елге жасаған азғантай ғана еңбегімнің ақталғаны.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста