Құқығыңды білесің бе?

Ақтөбедегі атышулы ауданның әкімі сәбилерді мазақ қылғандарға шүйлікті

  • Ақтөбедегі атышулы ауданның әкімі сәбилерді мазақ қылғандарға шүйлікті

    Ақтөбедегі атышулы ауданның әкімі сәбилерді мазақ қылғандарға шүйлікті

Ақтөбеде атышулы Шалқар ауданының əкімі балаларды желіде мазақ қылғандарды іздеп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы балабақшада тойланған наурыз мерекесі əлеуметтік желі арқылы қоғам талқылауына түсті. Көпшілік балалар алдындағы жұпыны дастарханға шошып, үлкендер алдындағы ет толы дастарханды сынап тастады.


Әлеуметтік желі арқылы тараған сурет Шалқар ауданындағы балабақшалардың бірінде түсірілген. Балалардың мазақ болғанын көрген аудан əкімі жалған ақпарат таратқандарды құқық қорғау орындарына тапсыратынын айтты.


«Ол суреттегі жағдай өткен жылы наурыз мерекесін тойлау кезінде түсірілген. Ата- аналардың өздері балаларға ет турап отыр. Оны кімнің, не үшін салғанын түсінбеймін. Ұятсыз адамдар шығарып жүр. Кейбіреулер бəрін болып, енді балалармен ойнайтын болған. Ұятсыз адамдардың тірлігі. Ол топтағы ата-аналардың өздері қатты ашуланып отыр. Қазақ епеспіз бе?! Наурызды кең көлемде атап өтеміз. Ата-аналар ұлттық тағам дайындап, балалармен бірге тойлаған. Наурыз - қазақтың жаңа жылы. Тілек айтады, бата береді, ұлттық ойын көрсетеді. Бұл сурет арқылы балаларды мазақ қылғандарды құқық қорғау орындарына беремін. Заң бойынша жауапқа тартылады»,-дейді Шалқар ауданының əкімі Бауыржан Қаниев. 




Көрілген: 582    Пікірлер: 0

сенбі, 18.03.2017, 22:38

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30