Алаш баласы, айнаңа қара!

m.alashainasy.kz
жексенбі, 28.05.2017



Түйткіл

Алматылық ер адам 17 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеді

  • Алматылық ер адам 17 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеді

    Алматылық ер адам 17 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеді

60 жастағы Юрий Тырловты біреулер осыншама уақыт жұмысқа жегумен келіпті. Тек қолына күрек ұстай алмайтын халге жеткенде, әлгі қожайындары оны бостандыққа жіберген көрінеді, деп хабарлайды КТК.


Ескі мекен-жай бойынша үйіне тартқан жарымжан азамат, баспанасын да орнынан таппай қалған. Құжаты да, жақындары да жоқ ол қазір ауруханада жатыр.


Мол ақша табамын деп, құлдыққа тап болған кісі осы. 17 жыл бұрын біреулер оған табысты жұмыс ұсынып, шалғайдағы ауылға алып кеткен. Ол жерді өзі Жамбыл облысының Қордай ауданы деп отыр. Содан бері Юрийдің көрмеген қорлығы қалмапты.


“Мал да бақтым, олардың жем-шөбін тазалап, дайындап бердім.Қара жұмыстың бәрін істедім”, – дейді Юрий Тырлов.


Осылай жылдар бойы жұмысқа жегілген. Тек денсаулығынан айырылып, еңбекке жарамсыз күйге жеткенде ғана, қожайындары Алматыға әкеліп тастапты. Ал 17 жыл бойғы жұмысы үшін қолына ұстатқандары – мың теңге ғана. Онсыз да азаптан әрең құтылған Юрий Тырлов мұнда келгенде де қиындыққа тап болған.


“Келсем үй жоқ. Оның орнында менің меншігімдегі жерде бала-бақша тұр”, – дейді ол.


Енді Юрийдің құжаты да, жақындары да жоқ. Ал денсаулығы сәл де болса түзеліпті. Мұнда ол жедел жәрдеммен өлімші күйінде жеткізілген екен.


“Келген кезде есін дұрыс білмейтін. Мұрыны жарылған. Беті қан. Көп нәрсені айта алмайтын. Ол кісінің сол жақ қол мен аяғы сал болып қалған. Тілі күрмеледі”, – дейді невролог Күләш Бабаева.


Қазір палатадағы өзге науқастар керек-жарағын алып, оған барынша көмектесуде. Юрий де тек соларға мұңын шағыпты.


“Еңгезердей дәу-дәу балалары бар дейді. Солар ұрған дейді. Шешесі Қытайдан келген оралман дейді. Адамнан гөрі бұл кісіге мал, қойлар жолдас болған”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Сапарбек Айтбай.


Енді санаулы күндерден кейін қария бұл жерден шығарылады. Бірақ, барар жері болмағандықтан, дәрігерлер оны медбикелік күтім ауруханасына жібермек. Онда да тек 10 күндей паналай алады.


Сондықтан, дәрігерлер қазір құзырлы орындармен бірігіп, Юрий Тырловтың жақындарын іздеп жатыр. Қорлық көрген азаматтың өзі сотқа шағымданбақ. Сөйтіп, құлдыққа жеккендердің жазаға тартылғанын қалайды. Ал олардың түр-түсін де, әлгі ауылға барар жолды да білемін деп отыр.


kaz.365info.kz


 




Көрілген: 229    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 19.04.2017, 15:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31