Құқығыңды білесің бе?

Бәрібір біздің айтқанымызша болады: Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген полиция полковнигінің ұлы

  • © SPICKOVY.CZ

    © SPICKOVY.CZ

Оңтүстік Қазақстан облысында 23 жастағы полиция полковнигінің ұлы қатты жылдамдықпен жаяу жүргіншіні қағып өлтірді деп хабарлайды Liter.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.


Көлік жүргізушісі Ішкі істер департаментінде істейтін полиция полковнигінің ұлы болып шықты. Қайтыс болған Николай Саркисиянның туыстары оның қазасын таңда естулеріне осы себепші болып отыр деп ойлайды.


"Олар білген. Кім екенін де анықтаған, бірақ бізге таңғы сағат 10-да хабар берді. Қарындасым қайғыдан қан жұтып отыр.


Ертерек хабарласқандарында, біз көмектесе алатын ба едік",– дейді қаза болған жанның ұлы Вардан Саркисян.


"Ақша ұсынуларын қояр емес, айтқаным жөн бе, білмеймін, бірақ кеше олар ашық түрде: "Сендер алмайды екенсіңдер, басқаларға береміз, бәрібір біздің айтқанымызша болады", – дейді қаза болған азаматтың жары Мария Саркисян.


ОҚО ІІД баспасөз қызметінде жаяу жүргінші өткелінде кісі өліміне себепші болған полиция полковнигінің ұлы екенін растады.


Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, ол үлкен қызметте отырмайды.


Дегенмен, бұл факті жан-жақты зерттеуге кедергі бола алмайды деп сендірді ол.


"Кімнің баласы болмасын, заң бәріне ортақ, сол үшін шешім де заң аясында қабылданады.


Аталған факті бойынша, бірнеше сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша соңғы процессуалды шешім қабылданады.


Тексеру барысында орталықтағы оперативті басқару бақылау камерасының жоқ екені анықталды, сондай-ақ процессингті орталықтың да камерасы жоқ.


Жүргінші жаяу өткінші жолағы жоқ жерден өткен", –дейді Салтанат Қаракөзова.


Қазір Қылмыстық кодекстің 345 бабы "Жол қозғалысы ережесін бұзу немесе абайсызда кісі өліміне жол берген тұлғалардың көлік құралын пайдалануы" дерегі бойынша қылмыстық із қозғалды. 




Көрілген: 1096    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 19.05.2017, 15:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Желтоқсан, 15:59
    Әкеммен соттаса аламын ба?
    4 Желтоқсан, 15:26
    Төреліктің тарихы тереңде
    4 Желтоқсан, 15:06
    Демалысым күйіп кетпей ме?
    22 Қыркүйек, 21:44
    Семинардың үйретері мол

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31