Бейкүнә қыздардың қорланған тағдыры

Бейкүнә қыздардың қорланған тағдыры

Сөз, тіл белгілі бір ойды, болған оқиғаны, алған білімді, ішкі көзқарасты жеткізе алады. Бірақ жүректегі сезімді жеткізуге шамасы келмесі анық. Әдемі сөз, риясыз күлкі, орнымен жасалған іс-әрекет кімнің де болсын көңілінен шығары анық. Кейде өзімізге арналмаған мақтау сөздерді өзгеден қызғанамыз, басқаға арналған көзқарасқа іштей қызығамыз. Шетелдік қоғамдық көліктердің бірінде 30-35 жас аралығындағы ер адам көрші тұрған жас жігіттің ұялы телефонын білдіртпей алып күртешесінің жеңіне жасырып қояды. Араға бірер минут салып телефонға хабарлама келеді. «Қымбаттым сәбиіміз жарық дүниеге келді. Сені шын жүректен құттықтаймын»- деген сөздерді оқыған ол телефонды қайта иесінің жаңқалтасына салады. Ол бұл ісінен біреудің дүниесіне қожалық еткеніңмен, басқаның бақытына, өзіңе тиесілі емес сөздерге иелік ете алмайсың деген байламға келеді. Өкпелейсің де, қамығасың да араға біраз уақыт салып сол өкпені татулықпен алмастырасың. Ал әке сөзі көкейіңде мәңгі қалып, әр басқан қадамыңда кезігіп отырады. Ең ауыр зіл әке сөзі, ең әдемі алғыс әкенің мақтанышы, үміт артып үзіліп қарайтын да әкенің көзі, қиындықта қиылып тұрып қорғайтын да әкенің қолы. Өмірде әке алақанының жылуынан гөрі, жұмыр қолдардың соққысын көріп жүрген баллар жетерлік.

Бұған мысал: Атырау қаласында ащы суға салынып өгей қызын 4 жылбойы зорлап келген әкенің іс-әрекеті. Анасы көзі көрмегендіктен Ресейге ем алуға кеткенде 12 жастағы Айгүл Өтеғалиеваға өгей әкесі зорлық көрсетеді. Анасын аяп, 4 жыл бойы қорлық көрген Айгүл бірнеше рет өзіне қол жұмсамақшы болады. Ол өмірге сәби әкелгенде ғана анасына шындықты айтады. Шындық ашылғаннан кейін өгей әке Айгүлді және өзге де балаларын жанармай шашып өртемекші болады. Алайда бұл ойы жүзеге аспай тәртіп сақшыларының қолына түседі. Қылмыс жасады деген айыппен абақтыға қамалған өгей әке туысқан прокурордың арқасында араға біраз күн салып бостандыққа шығады.

Екінші бір жағдай: Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны өз қызын 12 жасынан бастап зорлап келген. Қыз 13 жасында құрсағында 5 айлық нәрестенің бар екенін біледі. Қызына зорлық көрсетіп келген әке 16 жылға бас бостандығынан айырылады. 13 жастағы қыздың өзінен кейін 5 бауыры және 7-сіне аяғы ауыр анасы барлығы болып әкелерін кешіреді. Елімізде жиілеп кеткен мұндай қылмыс әлеуметтік желіде әлі күнге дау туғызып келеді. Кейбір қыздар : «Менің де өгей әкем бар, бірақ ол маған әлі күнге қолының ұшын тигізбепті»- десе, жігіттер қауымы: «Оларды халықтың көзінше ату керек. Заң қатал болмағандықтан әркім ойына келгенін істеп жүр»-деп наразылықтарын білдірді.

Ал өзге ұлттар: « Қазақтар жақсы болса бір-біріңді зорлап жүре беріңдер»- деп қара таңба басқандай үлкен әріптермен жазып жатты. Ата-бабамыз қыз баланы көзінің қарашығындай қорғаған. Қызды қонақ деп босағаға қалдырмай, төрден орын беріп, құтты орнына қондырғанда ғана жолдасының қолынан ұстатып бар жауапкершілігін тапсырған. Халқымыз қызбала жарық дүниеге келген сәттен оның тәрбиесіне аса мән беру арқылы болашақта жеңгелерінің еркелетіп қойған есімдеріне сай болып, ананың мейіріміне бөленіп, әкенің ақылын тыңдап, текті жерге келін болып, Ер Төстіктей елге қорған болатын батырларды дүниеге әкеліп, ауыл анасына айналады деп сенген. «Қыз бала- қонақ», «Қыз өссе елдің көркі», «Жақсы қыз-жағадағы құндыз», «Қызға қырық үйден тыйым» сынды мақалдар мен нақыл сөздер бекер айтылмаса керек сірә! Әкенің жаман жақсысы болад, ал ананың жаманы болмайт деп өз пікірін осылай білдірген Алматы қаласының 29 жастағы азаматшасынан сұхбат алдым. Сұхбат барысында ол аты-жөнінің жарияланбауын өтінді. Қолындағы беторамалын бүктелген жерінен жайып тастап Мына гүлді білесізбе?- деп сұрақ қойды Лотос гүлі- дедім Ал оның қайда өсетіні туралы хабарыңыз бар ма?-деген сұрағына балшықта өседі деуге аузым бармай - Гүлдің қайда өсетіні маңызды емес, қалай өсетіні маңызды- дедім Көзіндегі еркіндікке шығуға асық болып тұрған мөлдір жасын көрсете алмастан - Мен балшықта өстім. Лас жердің ауасын жұттым. Ондай жерде өсе тұра өзімнің бұл өмірдегі орнымды, кім екенімді, кісі қызығарлық қасиетімнің бар-жоқтығын, тіпті осы гүлдей әдемі бола алатынымды да білмеймін-деді Дөңгелек көздердегі ыстық жас енді ғана бостандыққа шығып, өзеннің суындай тасып, төмен қарай сырғи бергені сол-ақ еді, әппақ беті тұзды суға шыдай алмадыма қызарып сала берді. Жылаған сайын жеңілдеген аққұба қыз әлгі жасты еркіне жібермей орамалмен арыда-бері сүртіп, ауыр күрсінді де сөзін жалғастырды.

Мені анам 18 жасында дүниеге әкелген екен. Әкем болса әскерде жүргенде басынан соққы алып көз жұмыпты. Әкем де, анам да жастайынан жетім қалған. Дүниеге келместен олардың қатарына менде қосылдым. Анам екеуміз 17 жыл бірге тұрдық. Мені асыраймын деп жүріп жазда жүгері егіп, күзде темекі тігіп, қыста ірі-қараның ішек-қарнын өзендегі суға жуатын. Кешке қалтыраған күйі үйге келіп жылынып алмастан маңдайымнан иіскейтін. Тапқан азын-аулақ ақшамызға көрші ауылдағы дүкеннен қара нан мен арома майын алатын едік. Суға қара күрішті бұқтырып арықтағысы келетін адамдарша күніне бір уақыт соған қанағаттандық. Өзге балалар үйлеріне қайтқанда ата-анасы, аға-әпкесі қарсы алса, мені азынаған үй, шегелеуге келмейтін шұрық тесік еден, лаулаған жалынынан айырылып мен сияқты жетім қалған пеш пен үстін күйе басқан көк шәугім қарсы алатын. Анам күндіз жұмыс істегеніне қарамастан түнде аспалы шамды сығырайтып қойып шұлық тоқитын. Өзге аналар балаларын дүкенге жұмсап құр келме дер болса, менің байғұс шешем шұлықтарды қолыма ұстатып жатып бос кел дейтін. 16-ға толғанымда әкемнің тірі екенін білдім. Осы уақыт аралығында жырақта жүріп бірхабарын бере алмаған әкемізді ыстық ықыласпен қарсы алдық. Күндер өтіп жатты. Толыққанды отбасында тәрбиеленіп жатқаныма іштей мәз болып, төбем көкке бір елі жетпей жүргенде қуанышым су сепкендей басылды да қалды. Араққа салынған әкемнен анамды арашалап қала алмадым. Екі бөлмелі үйіміздің бір бөлмесі сыртынан бекітілетін еді.

Шаңырағымыз шайқалған күні әкем мені сол бөлмеге қамап тастап анама дауыс көтеріп, кейіннен тоқпақтай бастады. Отбасындағы ұрыс-керістің, қанішер әкенің қандай болатынын сол кезде алғаш көрдім. Аттың жүгенімен ұрып, ішіңдегі жыныңды шығарамын деп белін қамшымен сабап, үлкен саусақтарымен қалың шашын жұлып, аяқтарымен кезек-кезек теуіп, ең ақыры дастархан үстіндегі ауыр табақпен басынан ұрып еді анам жерге сұлқ етіп құлай кетті. Есіктің сынған жерінен бір көзіммен қарап тұрып, қол аяғым жіпсіз байлаулы шырылдаған күйімде анамның көз жұмғанына куә болдым. Әкем ал тамашала дегендей есікті өз ісіне риза болған адамша кейіп танытып ашты да, мойнымды қысып тұрып анамаға қарай итеріп жіберді. Оң қолымды жансыз денеге дірілдеген күйі соза бегенімде енді демнің шықпайтынын сене алмастан қан сорғалаған марқұм болған шешемнің бетін сыйпай түстім. Мейірімге, адалдыққа толы көздері ашық қалған күйінде маған қош бол, мені соңғы рет көріп қал дегендей күй танытты. Қолым шашына жеткенде өзімді ұстай алмастан анамды барынша құшақтап тұрып жылай бердім. Сол күні кешке әкемді абақтыға жапты. Үйдің қаңырап қалғанына шыдай алмастан күні бойы далада жалғыз жылқымыздың жанында уақыт өткіздім. Ендігі менің жанашырым да, жалғыз досым да осы қара байтал. Әке-шешең жынды болса байлап бақ демеуші ме еді? Ендігі кезекте мен әкемді кешіруге бел будым. Ол отырған абақтыға жиі барып тұрдым. Бірақ әкемнен еш жылулық сезбедім.

Бір күні түнгі сағат бірлер шамасында есігімді бейтаныс адам бар күшімен итеріп жіберіп мен жаққа қанталап, шарасына сыймай тұрған көздерімен қадала қарады. Айтып ауыз жиғанымша бас салып тоқпақтап, әкең сені маған түкке тұрмайтын бір бөтелке шарапқа сата салды. Сенің адам болуға хақың жоқ, өз құныңның қанша екенін көрдің бе? Енді сен қуыршақсың деп ойына келгенін істемекші болды. Еңгезердей кісімен алысуға шамам келмей мұның қолына түскенше тордағы аш қасқырдың апанына түссем ғой дедім. Еден менің шашым мен маңдайымнан сорғалап аққан қаннан көрінбейді. Көзімді бір ашып бір жұмғанымда анамның көзіндей болған ескі құмыраны көре сала соған қарай қолымды соза бердім. Құмыра менің мына халімді көріп шыдай алмай маған қарай жақындады ма білмеймін оң қолымнан оны ала салдымда соңғы қалған күшіммен көк желкеден салып қалдым. Алды артыма қарамастан сыртқы есіктен шыға сала тәй-тәйлап алғаш қадам жасауды үйренген үйімді артқа тастап күні-түні тынбастан қалаға қарай бет алатын көліктердің жолына қарай жүгіре жөнелдім. Жолға келгенде ғана артыма бір қарап ешкімнің қуып келе жатпағанына көз жеткізіп болған соң қолымды жүріп жатқан көліктерге соза бердім. Міне мен көліктемін. Маған айтылған сөзге де, қойылған сұраққа мән берместен болашағымды елестеттім. Осы адамдар жолға шыққанда алдағы болар жағдайды ойлайды, қайда барарын, ол жақта не істерін, кіммен кездесерін, нақты айтқанда мақсат қояды. Ал менде бұлардың біреуіде жоқ. Жо, жоқ қателестім бар екен. Мен баратын жерде бар, мені күткен адамда да бар. Ей жұлдыздар мен анама барамын, сосын біз алысқа, мына жалған өмірден алысқа кетеміз. Сосын не болғанын, не айтқанымды да білмеймін. Қыстың қаһарындай болған мына өмірде соңғы айтылған сөзім шығар дедім. Басқа әлемге анама тапболам деп ойладым. Көздегі былшыққа араласып бір-біріне жабысып қалған кірпіктерімді ақырын ғана аштым. Айналам аппақ, тіпті адамдардың киімі де аппақ. Кеш білдім олар аппақ киімді адамдар емес ақ халатты абзал жандар екен. Сол ақ халатты абзал жанның бірі бүгін менің жолдасым, ертеңгі болашағым!-деп сөзін аяқтады.

Балаларға зорлық көрсету, сату шетелдер де көп тіркеледі. Әлемде 43200 рет зорланған Карла Хасинто есімді қыз өткеніне қарамастан жақын жандарымен жарқын болашаққа талпынып келе жатқан батыр қыз ретінде көпшіліктің жадында мәңгі қалды. Карла 12 жасында өзінен бірнеше жас үлкен ер адамға ғашық болады. Ол Карланы алдап Мексикадағы жезөкшелер үйіне сатып жібереді. Карла ол жерде 4 жыл уақыт өмір сүреді. Заңның әлсіздігінен Карлаға полицейлер де көмектеспейді. Ақшаға сатылған полицейлер керісінше адам сатумен айналысады. Карланы ол жерден жезөкшелік пен қылмысқы қарсы күрескен еріктілер тобы босатып алады. Елімізде БҚО өзінде соңғы 5 жылда қыз зорлау 4 есеге артқан. Педофилдердің 90 пайызы облыс ауылдардан шығатыны анықталды. Қазіргі таңда балаларға зорлық-зомбылық көрсету бойынша 44 жайт анықталған. Балалар тәрбиесі бойынша міндетін атқармаған ата-аналар 5000-нан асады. Парижде метро күтіп отырған бір кісі арақтың әсерінен ұйықтап қалады. Сол сәтте оның жанына бір жігіт келіп ұйықтап қалған адамның қалтасын ақтарып әмиянын алып өз жолымен жүріп кетеді.

Біраз уақыт өткен соң әлгі адам орнынан тұрып, келе жатқан метроға қарай аяңдай бастайды. Оның жанында тұрған жолаушы бөгет болмастан қарап тұра береді. Бір уақытта ащы су қабылдаған адам метроға қарай құлап кетеді. Сол кезде оны жанындағы бақылап тұрған адам емес әмиянын жымқырған жас жігіт құтқарып қалады. Болған жағдайдан кейін ұрлық ісі бойынша абақтыға қамалған жас жігіт полицияға «Мен өз пайдам үшін ұрлық та істей аламын, керек болса жанымды құрбан етіп өзгені құтқара да аламын. Мен ұрлық істеу арқылы ұрлықшы атандым. Бірақ ең алдымен мен адаммын. Адамның адам екендігі оның жақсылық істей алатындығында» деп жауап береді. Кейде сағат түскі 12-ні көрсетіп тұрса терезенің арғы жағындағы күнде,табиғатта, ауа-райыда кешкі 5-6 шамасына ұқсап тұрады.

Ана өз баласын далаға тастау арқылы көкек ана атанады. Әке балаларына зорлық көрсету арқылы мейірімсіз әке атанады. Жасы келген кісілер ерсі қылықтарымен өз ортасында сыйластықтан айырылады. Екі жас Алланың, барша тіршілік алдында бір-бірін сүйетіндерін мойындап, кейіннен уәделерін бұзады. Осыған қарап бәрінің уақытша, бәрінің өлшеулі, барша тіршіліктің өзіне жүз пайыз сай бола алмайтындығын аңғаруға болады. Диханбай Арайлым ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің 3-курс студенті

qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста